АлЭС: жұмыскерлердің қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы және әл-ауқаты үшін

2023 жылы "АлЭС" АҚ-да "Vision Zero" ("Нөлдік жарақаттану") тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсаты белгіленді. "Vision Zero" – бұл өндірістің барлық деңгейлеріндегі жұмысшылардың қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы және әл-ауқаты сияқты үш бағытты біріктіретін профилактиканы ұйымдастырудың сапалы жаңа тәсілі.

"Нөлдік жарақаттану" тұжырымдамасы шеңберінде "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасы мен өндірістік департаменттердің директорлары 7 алтын ережеден тұратын Health&Safety саласындағы жеке міндеттемелерге жария түрде қол қойды.

"Vision Zero" еңбекті қорғауды басқару жүйесі жеті ережеге негізделеді, оларды түсіну және сақтау өнеркәсіптік қауіпсіздіктің артуына және өндірістің барлық деңгейлерінде жарақаттанудың төмендеуіне әкелуі тиіс. "АлЭС" АҚ-да 2023 жылға арналған "Vision Zero" тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі бағдарлама әзірленді, оған әрбір ереже бойынша бөлек іс-шаралар енгізілді.

– "Vision Zero" қағидаларының мақсаттарына қол жеткізу үшін жекелеген іс-шараларды "АлЭС" АҚ 2022 жылы "Қауіпсіздік жылы" шеңберінде жүзеге асырғанын атап өткен жөн, – деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев. – "АлЭС" АҚ-да жүйелі негізде қауіптер мен тәуекелдердің алдын алу бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Жыл сайын Қоғамда Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы елеулі тәуекелдердің тізілімдері жаңартылып, қайта қаралады.

"АлЭС" АҚ-ға енгізілген "Қауіпсіз өндіріс" АЖ жүйесінің арқасында жүйеде ешқандай шектеусіз әрбір жұмыскердің нақты уақыт режимінде анықталған бұзушылықтарды тезірек жою үшін оқиғалар мен ақаулар журналдарына енгізуге мүмкіндігі бар.

– 2022 жылдың қорытындысы бойынша "АлЭС" АҚ өндірістік департаменттерінің жұмыскерлері "Қауіпсіз өндіріс" жүйесінде 2 972 оқиға мен ақауларды тіркеді. Оларды жою жөнінде барлық іс-шаралар орындалды, – деп толықтырды Кәрім Сартаев. – Бір ай ішінде оқиғалар мен ақаулар туралы көптеген хабарламалар ұсынған жұмысшы кәсіптерінің ең белсенді жұмыскерлері 2-ден 10 АЕК-ке дейінгі ақшалай сыйақымен көтермеленді. 2022 жылы жалпы сомасы 497 мың теңгеге 41 жұмысшы мамандық көтермеленді.

"АлЭС" АҚ Директорлар Кеңесі бекіткен "АлЭС" АҚ-да жазатайым оқиғаларға әкеп соқпаған қауіпті факторлар, тәуекелдер, оқиғалар туралы хабарламалар үшін жұмыскерлерді көтермелеу туралы Ережеге сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша қауіпсіз өндіріс моделін тиімді іске асырғаны үшін әрбір өндірістік департамент бойынша 7 жұмыскер санындағы басшылар мен мамандар ақшалай сыйлықақылармен көтермеленді, анықталған және жойылған қауіпті өндірістік факторлардың ең көп саны.

Кәсіптік оқыту және үздіксіз оқыту қауіпсіз өндірістің кепілі болып табылады. Персоналды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету "АлЭС" АҚ-ның маңызды міндеті болып табылады және жоғары білікті жүргізуші персоналдың болуымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қызметкерлерді тасу/тасымалдауды жүзеге асыратын Қоғамның жүргізуші құрамының кәсіптік даярлығын арттыру үшін автокөлік құралдарының 11 жүргізушісі үшін 2022 жылғы желтоқсанда "Қауіпсіз жүргізу" курсы бойынша оқыту жүргізілді. Жүргізушілерді оқыту "АлЭС" АҚ Оқу орталығында ұйымдастырылды және оның қорытындысы бойынша барлық жүргізушілер оқудан сәтті өткені туралы сертификаттар алды.

– Бұл 2023 жылы "Vision Zero" тұжырымдамасын табысты жүзеге асыру үшін "АлЭС" АҚ ұжымы орындайтын маңызды жұмыстың аз ғана бөлігі, – деп атап өтті Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғ.Ауталипов. – Менің ойымша, біз оны сәтті жүргіземіз және 2023 жылы әрбір жұмыс орнында "Vision Zero" өндірісінің қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеміз.