АлЭС: Мінез-құлық кодексі бойынша тестілеу

Өткен жылдың соңында «АлЭС» АҚ барлық өндірістік департаменттерінде Мінез-құлық кодексі бойынша білімін тестілеу өткізілді. Оған 2989 жұмыскер қатысты.

 

– Барлық жұмыскерлер тестілеуге жауапкершілікпен қарады. Бас кеңседе компанияның бірінші басшылары, өндірістік департаменттердің директорлары мен бас инженерлері тестілеуден сәтті өтті, – деп атап өтті компанияның Омбудсмені Ербол Сасықов, – жүргізілген тестілеу қорытындысы бойынша барлық респонденттер Мінез-құлық кодексін жақсы білетіні анықталды. Өткізілген тестілеудің нәтижесі жағымды әсер қалдырады және жұмыскерлердің корпоративтік мәдениеттің элементтерінің бірі болып табылатын ұжымдық шартта қабылданған қолданыстағы әлеуметтік бағдарламаларға риза екендігін көрсетеді.

Шекті деңгейден өту үшін жұмыскерлер мүмкін болатын 100% сұрақтардың 80%-на жауап беруі керек еді.

Барлық жұмыскерлер үшін жұмыс орнындағы мінез-құлықтың бірыңғай және нақты тұжырымдалған этикалық стандарттарының болуы өзара әрекеттесуді жақсартуға және Компания қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.