«АлЭС» АҚ-да «Батарейге-екінші өмір», «#БатлМакулатура» экологиялық акциялары өтеді

2023 жылғы 9 қаңтарда «АлЭС» АҚ-да дәстүрлі экологиялық акциялар басталды. «Батарейге – екінші өмір» Эко акциясы компанияда төртінші жыл, ал «#БатлМакулатура» – 5 жыл өтуде.

– Біздің экоакциялар ресурстарды үнемдеуді насихаттау ғана емес, сонымен қатар компанияның барлық жұмыскерлерін қоршаған ортаны қорғауға бағытталған корпоративтік бағдарламаларға қатысуға тартуға ықпал етеді, – деді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері Зоя Арзюкова.

Акцияларды өткізудің барлық жылдарында компания жұмыскерлері 200 кг-нан астам пайдаланылған батарейлер мен 40 тоннадан астам макулатура жинады.

– Батарейлер мен аккумуляторларды басқа коммуналдық қалдықтармен бірге қоқыс жәшіктеріне тастауға болмайтынын есте ұстаған жөн, – деп жалғастырды Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Салтанат Жанахметова. – Батарейлер топырақты, суды және өсімдіктерді ластап қана қоймайды, сонымен қатар полигонға түсіп, өздігінен жанып, атмосфералық ауаға зиянды заттар шығаруы мүмкін. Әр батарейдің сыртында қоқыс жәшігінің сызылған белгішесі бар. Бұл дегеніміз – қалдық батареяларды тастауға болмайды дегенді білдіреді! Тек қайта өңдеуге тапсыру қоршаған ортаны және адам өмірін жақсарту мәселесін шешуге көмектеседі.

Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Елена Сильвестрова компаниядағы эко акцияларға жауапты.

– Халық саны үнемі өсіп келе жатқанда, ресурстар қоры азаяды, бірақ қалдықтар көбейе түседі, – деді Елена. – Өткен жылы АлЭС жұмыскерлері 51 кг пайдаланылған батарейлер мен 11 тонна макулатура жинады. Бұл біздің табиғатты қорғауға қосқан үлесіміз! Қағаз өндірісіне көп ресурстар жұмсалатынын бәрі біледі, ал егер сіз макулатураны қайталама шикізат ретінде тапсырсаңыз, ол екінші қолданысқа жаратылады.

Компания жұмыскерлерінің эко-акцияларға қатысуы – бұл табиғи ортаны және адамдардың денсаулығын сақтау үшін халықаралық экологиялық стандарттарды сақтайтын экологиялық бағдарланған компанияның имиджін қалыптастыру мүмкіндігі.