«Қалыпты» түнгі ауысым

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО «В» вахтасы үшін Жаңа жыл түні әдеттегідей өтті

Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін станцияның 78 жұмыскері Алматы қаласы мен облыс тұрғындары теледидар экранынан «Ирония судьбы» фильмін жылы және жайлы жағдайда көріп, көптен күткен мерекені қарсы алу үшін жұмыс істеді.

«В» вахтасы өткен жылдың соңғы күні сағат 20:00-де ауысымға кіріп, оны келесі жылдың бірінші қаңтарында таңғы 8-де аяқтады. Энергетиктер бұл түннің басқалардан айырмашылығы жоқ дейді. Олар үшін бұл әрқашан ерекше режимде жауапты жұмыс. Ауысым құрамы стандартты-электр слесарлары, электр монтерлер, машинистер, қараушылар, зертханашылар, станция мен цехтардың ауысым бастықтары, яғни пайдалану персоналы. Егер өте маңызды нәрсе орын алса, диспетчер басшылыққа хабарлайды.

Жаңа жыл қарсаңында станциядағы жағдай туралы әріптестеріміздің әңгімесі.

Станция ауысым бастығы Қанат Жақаев:

– Менің жұмысым адамдарға жарық пен жылу беретінін мақтан тұтамын. Жаңа жыл қарсаңында біздің міндетіміз – берілген электр және жылу энергиясының диспетчерлік кестесін орындау. Мен жаңа жыл қарсаңында қанша жұмыс істегенімді есімде жоқ, бірақ станциядағы 30 жылдың ішінде көп болған. Жаңа жыл мен үшін ең жарқын, ең көңілді және сүйікті мереке. Біз жаңа жыл қарсаңында жұмыс істейтінімізге көңіліміз түспейді, себебі, ұжым біздің екінші отбасымыз. Әрқайсымыз үйімізден дәмді тағамдар әкеліп, дастархан басында жиналып, бір-бірімізді құттықтаймыз. Бірақ ешқандай ішімдіксіз!

Электр цехы электр станцияның негізгі басқару қалқанының 5-разрядты электр монтері Қарлығаш Дәулетбекова:

– Мен жаңа жылды жұмыста бірінші рет қарсы алдым. Бұл кезекшілік, менің ойымша, әдеттегі кесте бойынша, бірақ ерекше жауапты деп санаймын. Осы түні біз генераторларды баспақтауға қойдық, барлық қосылыстар бойынша есептегіштердің ведомостарын толтырдық және т.б. Мерекелік дастархан жайып, әрине, тыйым салынған сусындарсыз қарсы алдық.

Қазандық цех электр станциясы цехының ауысым бастығы Рахматжан Амутов:

– Жаңа жыл қарсаңында жұмыста болғаныма менің көңілім түспейді, өйткені 1 қаңтарда анамның туған күні. Бүкіл отбасымызбен 1 қаңтарда туған күнде қауышамыз, сол себептен біз үшін қос мереке. Жұмыста біз бәріміз бір-бірімізді құттықтап, үйімізге қоңырау шалдық. Барлығының жаңа жылдық көңіл-күйі болды, бірақ ауысым өз ағымымен өтті. Мен станцияда көп жылдан жұмыс істегендіктен, осы күндері станцияларда арнайы күшейтілген жұмыс режимі басталады деп айта аламын, бұл барлық басшыларды алдын-ала кезекшілік кестесін құруға міндеттейді.

Турбиналық цех электр станциясы цехының ауысым бастығы Шапулат Бердибаев:

– Мен жаңа жыл қарсаңында тоғызыншы рет кезекшілік еттім. Мені ол жағдай мүлдем қынжылтпайды. Менің ойымша, ең қиыны 1 қаңтар күні таңертең жұмысқа шығу. Мен үшін жаңа жыл – бұл барлық жағынан санаудың бастауы. Біз әрқашан жаңа жылда жаңашыл, жарқын тосынсыйлар күтеміз. Мереке күндері жұмыс істеу біз үшін басқа күндерден өзгеше емес, тек жауапкершілігі жоғары.

Турбиналық цехы бу турбиналарын басқарудың орталық жылу қалқанының 6-разрядты машинисі, Азамат Доскожаев:

– Менің жұмысым – отбасымның қамы. Өзіңді қажет және пайдалы сезіну, кәсіби жоспарларды жүзеге асыру, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Менің міндетім-берілген электр және жылу жүктемесіне тұрақты төтеп беру, қаланы үздіксіз жылу мен электрмен қамтамасыз ету. Станциядағы алты жылдық қажырлы еңбек кезінде бұл жаңа жыл қарсаңындағы алғашқы кезекшілік болды. Біз мерекені оқиғасыз қарсы алдық және режим бойынша ауысымды пысықтадық. Мұндай кезекшіліктің артықшылығы – жаңа жылды екінші отбасы болған әріптестеріңіздің ортасында қарсы алу. Ал кемшілігі, бәлкім, отбасынан алыс болған шығар. Бала кезімде Жаңа жыл мен үшін ең сүйікті мереке болды. Әрқашан сиқырлы және қуанышты нәрсе болуы керек деген оғаш сезімде болатынмын. Енді бұл мереке мен үшін ең алдымен балаларыма сиқырлы кеш пен сыйлық сыйлайтын Аяз Атаға сенімін қолдау.

Қазандық цехы қазандықтарды басқарудың орталық жылу қалқанының 7-разрядты машинисі Равиль Анваров:

– Мен өз жұмысыммен халықтың игілігін ақтау үшін еңбек етемін. Менің жұмысым – турбоагрегаттар үшін өткір будың үздіксіз өндірісін қамтамасыз ету. Жаңа жыл қарсаңында мен бірнеше рет кезекшілікте болдым. Жыл сайын жаңа көңіл-күй сыйлайды, өйткені біздің вахта бір отбасы, сондықтан жаңа жылды жұмыста қарсы алу өзінше қызықты. Жаңа жылдық ауысым басқа ауысымдардан ерекше, өйткені бұл күні бәрі жаңа жылдық көңіл-күймен жұмыстарын атқарады.

Бірде Жаңа жылдық кезекшілікте қызықты оқиға болды. Сағат 00:00-де біз бір-бірімізді құттықтадық, бірақ жаңа жылды дауыстап шақырып үлгермедік, дәл сол сәтте қазандықта төтенше жағдай болды, дәмді дастархан басында отырудың орнына жүгіріп, ақауларды жоюға тура келді... Біздің вахтаның өз дәстүрі бар, егер ауысым Жаңа жыл қарсаңында болса, онда жұмыстан ешкім сұранбайды. Жаңа жыл барлығына денсаулық, бақыт, табыс және қуаныш әкелсін.

Әдетте, жаңа жылдық кезекшілік – бұл станцияда басшылықтың қатысуынсыз «В» вахтасының әдеттегі жұмысы. Жаңа жылдағы кезекшілік-ерекше жауаптылық: барлығы мерекелік демалыста жүргенде, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО берілген 78 жұмыскері параметрлерден шамалы ауытқуларды уақытында анықтау үшін турбоагрегаттардың, қазандықтардың және қосалқы жабдықтардың жұмысын қадағалады.