2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бәсекелес кірме жолдың берілуін реттейтін қызметіне арналған тарифтің өзгеруі туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Алматы қаласы бойынша департаментінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №186-НҚ Бұйрығымен бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды берілуін реттеу қызметіне арналған тариф 384,19 теңге/вагон-км (ҚҚС есебінсіз) мөлшерінде бекітілді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Аталған тариф көрсетілетін қызметтердің іс жүзіндегі көлемінің өзгеруін, шикізатқа, материалдарға, жұмыстар және қызметтерге арналған бағаның өсуін 2022 жылдан бастап ескереді.