«АлЭС» АҚ 2022 жылғы 27 желтоқсанда электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындады

27 желтоқсанда сағат 17.00-де "Алматы электр станциялары" АҚ 5 030 млн кВтсағ электр энергиясын өндірді, бұл электр энергиясын өндірудің белгіленген жоспарының 100% құрайды.

– Айта кету керек, бұл жыл компания үшін қиын жыл болды. Тіпті күрделі деп айтуға болады. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде энергетиктер жеткізу кестесінің бұзылуына, жеткізушілердің баға саясатының өзгеруіне, логистикалық байланыстардың үзілуіне тап болды, – деп атап өтті Газий Исмухамбетов, өндіріс жөніндегі басқарушы директор – бас инженер. – Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, компания алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешті. Бұл АлЭС-тің барлық қызметкерлерінің еңбегі.

АлЭС-те кәсіби мамандар тобы жұмыс істейді, олардың миссиясы өзгеріссіз қалады – Алматы агломерациясының тұтынушыларына жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша сапалы қызметтер көрсету.