2022 жылғы 24-25 қарашада "АлЭС" АҚ "Қыс – 2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты. 24 қарашада Алматы қаласы ТЖД ахуалдық залында жедел штаб құрылып, оқу-жаттығулардың теориялық бөлігі пысықталды. 25 қарашада Б.Оразбаев атындағы ЖЭО-1, ЖЭО-3 және БЖК өндірістік департаменттерінде практикалық бөлім өтті. Мүмкін болатын төтенше жағдайлардың сценарийлері пысықталды: мазутқа арналған резервуарда және цехтың өндірістік ғимаратында өртті жою, 80 метрлік түтін құбыры мен қосалқы ғимараттан "зардап шеккен" қызметкерлерді эвакуациялау, электр беру желілерін қалпына келтіру және "зардап шеккендерге" медициналық көмек көрсету, турбиналық цехтың "құлаған" ғимаратында кинологтардың іздестіру-құтқару жұмыстары, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары, газ құбырындағы жұмыстар, магистральдық құбырдың авариялық-қалпына келтіру жұмыстары.
– Оқу-жаттығудың басты мақсаты барлық қызметтердің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Біз, ең алдымен, өзара іс-қимылдың үйлесімділігін пысықтаймыз. "АлЭС" АҚ атынан іс-шараға өндірістік департаменттердің авариялық-техникалық командалары қатысты. Оқу-жаттығуда диспетчерлік қызмет маңызды рөл атқарады, өйткені ақпаратты беру жылдамдығы, жеделдігі мен дәлдігі оған байланысты. Оқу-жаттығу барысында қойылған барлық міндеттер толық көлемде орындалды, – деді "АлЭС"АҚ АҚ және ТЖ қызметінің бастығы Александр Довжик.
ЖЭО-3 директоры Серік Қалиев қызметкерлер оқу-жаттығудың қажет екенін түсінетінін атап өтті, өйткені станция-тіршілікті қамтамасыз етудің стратегиялық нысаны.
– Оқу-жаттығулар өртке қарсы, радиациялық қызметтердің, жедел жәрдем персоналының, сондай-ақ АлЭС авариялық-құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын пысықтауға мүмкіндік берді. Сценарий бойынша жер сілкінісі қазандық пен турбиналық цехтарда бу мен су шығаратын құбырдың жарылуы болды. Бұл ретте 3 адам эвакуацияланды және газбен уланған 2 адам зембілге шығарылды. Сонымен қатар, радиациялық қызметтер локализациялаған аммиак ыдысының зақымдануы болды. Оқу-жаттығу барлық қызметтердің үйлесімділігін көрсетті, – деп атап өтті Серік Қалиев.
Оқу-жаттығуға 17 азаматтық қорғау қызметі жұмылдырылды, 200 адам және 62 бірлік арнайы және құтқару техникасы қатысты.