Конкурс өткізу туралы хабарландыру күлді кәдеге жарату туралы

«Алматы электр станциялары» АҚ – Алматы ЖЭО күлді сумен тазалаудан кейінгі күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу/кәдеге жарату жөніндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысу үшін «Алматы электр станциялары» АҚ-ға конкурстық жобаның сипаттамасын, жобаның таныстырылымын және жобаны іске асыру бойынша шығыстарды бағалау сметасын қамти отырып, қатысуға өтінім беру қажет.

Өтінімдерді қабылдаудың басталу уақыты мен күні: 2022 жылғы 1 желтоқсанда сағат 08-00.

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты мен күні: 2023 жылғы 31 қаңтар сағат 17-00.

Конкурсқа қатысуға өтінім конкурс өткізу туралы Ережеге сәйкес біріздендірілген нысанда беріледі. Конкурсты өткізу туралы Ережемен толығырақ «Алматы электр станциялары» АҚ www.ales.kz ресми сайтында танысуға болады, Тұрақты даму – Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде. Экологиялық ағартушылық, Конкурстар – айдарында (https://ales.kz/ru/ustojchivoe-razvitie/91-ustojchivoe-razvitie-2).

Өтінімдер келесі электрондық мекенжайларға электрондық түрде ұсынылуы тиіс: 77_17_00_РО This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , 77_17_00_РО This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Барлық сұрақтарды 8 (727) 2540-401 (Мирамбек), 8 (727) 2540-465 (Олжас) телефондары арқылы қоюға болады.