Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі келді

Алматы облысы бойынша жұмыс сапары аясында экология министрі Серікқали Брекешев Ш. Чокин атындағы Қапшағай ГЭС өндірістік процесімен танысты.

«АлЭС» АҚ басшылығы министрге ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭО-3-ті болашақ жаңғыртуды, сондай-ақ Қапшағай ГЭС-на балық қорғау құрылғысын орнату бойынша іске асырылған жобасын таныстырды.

– ЖЭО-ын экологияландыру бөлігінде газ турбиналарын салу арқылы барлық ЖЭО жаңғырту туралы шешім қабылданды, – деді инвестициялық жобалар жөніндегі Басқарушы директор Дәурен Сағидулла. – ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша ТЭН-ге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ашық тендер өткізіледі. Жұмыстарды 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Бұл 2-ЖЭО-дағы шығарындыларды 38-ден 2 мың тоннаға дейін 94%-ға, 3-ЖЭО-дағы шығарындыларды 12-ден 2 мың тоннаға 83%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, экология Министрінің назары ЖЭС өз полигондарында жинақталған күл-қож қалдықтарын кәдеге жаратудың проблемалық мәселелеріне аударылды.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Басқарушы директор Ғалымбек Ауталипов ЖЭС шығарындыларының негізгі көздерінде автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнату жөніндегі Экологиялық кодекстің талаптарын белгіленген мерзімде іске асыру мүмкіндігін атап өтті. Іске асырудың негізгі кедергілері жобалық құжаттаманы әзірлеу процесінің ұзақтығы, түтін құбырларының техникалық жай-күйін бағалау процесі, сондай-ақ қажетті жабдықты дайындау, жеткізу және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Кездесу барысында министр басқа өңірлермен салыстырғанда Алматы облысындағы экологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты екенін атап өтті. Жалпы облыс бойынша ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі 29,3 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңі деңгейінде (29,1 мың тонна) және бұл көрсеткіш табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру есебінен қол жеткізілді.