Б.Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО күзгі-қысқы мерзімнен өтуге дайын

Алматы 1-ЖЭО Алматы қаласын орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болып табылады және жартылай пик режимінде жұмыс істейді. Станцияның негізгі тұтынушылары Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық секторы және өнеркәсіп кәсіпорындары болып табылады. 1-ЖЭО қажетті жылу жүктемесін бу және су жылыту қазандықтары шығарады. Жылу энергиясының бір бөлігі станцияға 1-ЖЭО – 2-ЖЭО жылу магистралі бойынша 2-ЖЭО-ден түседі.

Жылуаралық маусымда станция негізгі және қосалқы жабдықтарын жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтайды.

2022-2023 жж. күзгі-қысқы кезеңнен өтуге дайындық паспортын алғаннан кейін, 2022 жылғы 4 қазанда бір қазандық агрегатын және 15 МВт электр жүктемесі бар бір турбоагрегатты іске қоса отырып, 1-ЖЭО-ны жұмысын күшейту жұмыстары басталды.

– Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО барлық қызметкерлерінің үйлесімді және білікті іс-қимылының арқасында станция жұмысын күшейтумен байланысты ұйымдастырушылық іс-шаралары мерзімді орындалды. Барлық негізгі және қосалқы жабдықтар 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайын, – деп атап өтті станция директоры Әлібек Тастанбеков.

Биыл 25 қазанда Б.Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО 87 жылдығын атап өтеді. Алматы ОЭС (қазіргі – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО) бірінші кезегін жобалау және салу 1931 жылы басталды. Ал 1935 жылы 25 қазанда бірінші қондырғы өнеркәсіптік жүктемеге қойылды. 1936 жылы 1,8 млн кВт/сағ электр энергиясы өндірілді. Бүгінгі таңда бұл электр қуатын өндіру станцияның күнделікті жұмысына тең. Алғаш рет 1961 жылы Алматы 1-ЖЭО жылу энергиясын өндірді.