Станциямыздың жасыл желекке оранғанын қалаймыз...

Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлері осылай дейді

Биылғы жылдың күзінде гидростанцияны ауқымды көгалдандыру мақсатында 200-ден астам түрлі өсімдіктер: 45 түп туя ағашы, 20 түп қарағай бұтасы және 95 гүл, 60 бұта түптері станция қызметкерлерін қуантуда.

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауқымды көгалдандыру туралы айтты. Бес жыл ішінде елімізде орман қорында 2 миллиардтан астам және елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызылады. Ұжыммен бірге біз станцияны абаттандыруға өз үлесімізді қосуды ұйғардық. Жұмыстан бос уақытында және көгалдандыру сенбіліктерінде барлық жұмысшылар жұмыс істеді. Осы ауқымды көгалдандыру шарасына қатысқан әріптестерімнің барлығына өте ризамын, – деді станцияның логистика бөлімінің бастығы Ақпейіл Мырзағалиқызы.

ӨТБ бас маманы Виктор Иванов өсімдіктер біздің өміріміздің ажырамас бөлігі екенін атап өтті, сондықтан жұмысшылар өз станцияларын жасыл желекке оранып жатқанын көргісі келетіні таңқаларлық емес.

– Станцияны көгалдандыру – бұл аумақты абаттандыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған іс-шара. Ағаштар мен бұталар станцияның микроклиматын жақсартады және шу мен шаңнан табиғи қорғау қызметін атқарады. Жалпы, табиғат бізді жағымды эмоциялармен шабыттандырады және қуаттайды, – деп жалғастырды ЭМЦ бас маман-технологы Айдар Бейсенов.

Станция қызметкерлері әр ағашты, бұтаны сүйіспеншілікпен отырғызды.

– Көшеттерді, гүлдер мен ағаштарды отырғызу кезінде ауамызды оттегімен байытатын сезім мені шабыттандырды, – деп бөлісті логистика бөлімінің cатып алу жөніндегі жетекші экономисі Зарина Сатыбаева. – Біздің станциядағы өсімдіктер cұлулық, көңіл-күй, қуаныш үшін өседі, атақты ертегіші Ганс Христиан Андерсен айтқандай "өмір сүру үшін күн, еркіндік және кішкентай гүл қажет".

Станция қызметкерлері отырғызылған әрбір өсімдікке мұқият күтім жасайды. Бұл станцияда жақсы жұмыс істейді. Өйткені, он жылдан астам уақыт бойы Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС ерекше лимонарийі жұмыскерлерді жыл сайын қуантып келеді.