Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО: «Табиғаттағы қоқысқа орын жоқ»

Станцияның жас қызметкерлері қазан айының басында Алматы қаласында өткен "Табиғаттағы қоқысқа орын жоқ" жалпыұлттық акциясына қатысты. Балалар "Ақбұлақ" аялдамасынан Көк Жайлау үстіртіне дейінгі бағыт бойынша аумақты тазартты.

– Мен сенбі күнгі акцияға қатысып, қаламыздың тазалығына біршама үлес қосқаныма өте қуаныштымын, – деп бөлісті 1-ЖЭО реттеу және табиғатты қорғау цехының инженер-технологы Дина Әбдімәжит. – Сенбілікке қатысып қана қоймай, таза ауамен тыныс алып, қаладағы қарбаластан демалуға тамаша мүмкіндік болды. "Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтатын тілі жоқ". Сондықтан біз табиғатты мүмкіндігінше сақтап, аялауымыз керек.

Химиялық цехтың химиялық талдау зертханашысы Ақерке Оразова алғаш рет экологиялық сенбілікке қатысты. Бұрын оның мәнін түсінбепді. Оған келген бірінші ой: "Тауға көтерілген заттармен қайта түсуге болмай ма". Ақерке енді мұндай жобалар жиі жүргізілсе және қала тұрғындары оларға қатысатын болса, онда акциялар әдеттерге айналады және біздің әдемі тауларымыз қоқыссыз болады деп санайды.

– Өткен жалпықалалық сенбілік ауқымды болды. Оған әр түрлі жастағы бей-жай қарамайтын адамдар көп қатысты. Оқушылар, студенттер, жастар және аға буын өкілдері болды. Кейбір еріктілер сенбілікке отбасыларымен келді, – деп жалғастырды станцияның өндірістік-техникалық бөлімі бастығының орынбасары Әлішер Молдажанов. – Ерте жастан бастап балаларға табиғатқа қамқорлық мәдениеті сіңірілгені қуантады. Жалпы қалалық сенбіліктерді өткізу жақсы және қоғамдық пайдалы бастама деп санаймын.

Сенбілікке қатысушылар үшін станцияда қаладан трансферлер ұйымдастырылып, қажетті құралдар мен түскі ас бокстары ұсынылды. Сенбілік басталғанға дейін Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары таулы жерлерде қауіпсіздік және мінез-құлық ережелері бойынша нұсқаулық өткізді.