Батыс жылу кешені: Федор Гаврилович Кислыхты құрметті демалысына шығарып салды

2022 жылы күзінде БЖК ұжымы Федор Гаврилович Кислыхты зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты құрметті демалысқа шығарып салды. Ол Батыс жылу кешенінде 39 жыл жұмыс істеді. Көптеген жылдар бойы Федор Гаврилович қазандықтардың 5-разрядты машинисі болып жұмыс істеді, ал 2020 жылы денсаулығына байланысты жерасты жылу құбырлары мен жылу желілерінің құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі 5-разрядты слесарь болып ауыстырылды.

– Армиядан кейін қазандыққа жұмысқа келді. Көршілері қазандықта жұмыс істеген болатын, содан олар барып, көруді ұсынды. Батыс аудандық қазандықтың қазандық цехының басшылығы менің кандидатурамды мақұлдап, БАҚ бу бөлігіне жіберді, – деп еске алады Федор Гаврилович. – Менің жұмыс туралы алғашқы әсерімді таң қалып, сасқалақтаумен ғана сипаттай аламын. Шу, жоғары температура, түсініксіз құрылғылар. Мен мұнда ұзақ уақыт тұра алмайтын сияқтымын деп ойлағам алғашында, алайда біртіндеп үйрене бастадым. Ұжымның, маған бәрін, ең алдымен жауапкершілікті үйреткен, өз ісіне деген сүйіспеншілікті оятқан қазандық машинисі, тәлімгерім А.Батгауэрдің арқасында жұмысым соншалықты қорқынышты және қиын болып көрінбеді.

80-ші жылдары қазандық Сүт зауытына бу беретін, бу беру 11,5 кг/см2-ден аз немесе көп болмауы керек еді, әйтпесе бұл Сүт зауытының ақаулы өнім шығаруға қауіп төндірді. Егер бұл параметрлерге қолдау көрсетілмесе, дереу қалалық атқару комитетінен басшылыққа қоңырау түсетін. Бәрі өте жауапты болды.

– Сүт зауытының өнімдері де біздің жұмысымызға байланысты болды, – деп жалғастырды Федор Гаврилович. – Сондай-ақ біз АХБК көршілерімізге бу бердік, олар да міндетті көрсеткіштер бойынша қысымды ұстап тұруды талап етті, әйтпесе өнімдер ақаулы болып шығарылуы мүмкін. Осылайша, тәжірибе жинақтай отырып, қазандықтар туралы бәрін басынан аяғына дейін білуге деген ұмтылыс пайда болды, осылайша жұмысты жауапты орындап, сенім жиналды.

Федор Гаврилович БЖК қазандық цехы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға белсенді қатысты. Ол жастарға нағыз тәлімгер бола білді.

– Федор Гаврилович-менің тәлімгерім, ұстазым – дейді оқушылардың бірі Бейбіт Алмас. – Мен қараушы машинист болып жұмыс істеген кезде Федор Гаврилович маған қазандықты іске қосу, сорғыны іске қосу, гидравликалық және мазут схемасын қалай жинау керектігін үйретті. Бүгін мен қазандық цехы бастығының жөндеу жөніндегі орынбасарымын және әрқашан тәлімгерімді үлкен ризашылықпен еске аламын. Ұстазыма зор денсаулық тілеймін!

Арғынбек Ақниет, қазандық машинисі, Федор Гаврилович туралы жылы лебізін білдіреді, соның арқасында ол қазандық машинисіне емтихан тапсырды. Менде тілдік кедергі болғанына қарамастан, Федор Гаврилович шыдамдылықпен және әке мейірімділігімен мені табысты тапсырған емтихандарға дайындады.

– Біз БЖҚ және ЖҚҚ қазандық цехының жұмысшыларының өзара алмасуы бойынша жұмыс жүргізген кезде жұмысшылар екі қазандықтың жабдықтарын білуге емтихан тапсырды, сол кезде Федор Гавриловичтің тәжірибесі мен білімі таптырмас болды. Мен жас жұмысшылардың оның әр сөзін тосып, айнала қоршап алғанын бірнеше рет көрдім, ал ол карталармен, схемалармен барлығына ненің және қалай екендігін тиянақты түсіндірді, – деп еске алады кадрлар секторының бас маманы Айнұр Темірбаева.

Федор Гаврилович энергетикаға жұмыс істеуге келген бүгінгі жастарға, ұялмауға және жалқау болмауға, аға буыннан кеңестер сұрауға кеңес береді, біз бөлісуге қуаныштымыз. "Өткенге көз жүгірте отырып, сеніммен айта алатыным, осында жұмыс істеуге келгенім, көптеген жылдар бойы жұмыс істегенім мақтан тұтатын өз таңдауым, – дейді Федор Гаврилович.