АлЭС: жылыту маусымына дайындық паспорттары алынды

2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына қарай "Алматы электр станциялары" АҚ барлық кәсіпорындарында негізгі және резервтік отынның қажетті пайдалану қоры жинақталды. Бүгінгі күні "АлЭС" АҚ бойынша резервтік қазандықтар мен турбиналарды ескере отырып, қыстағы ең жоғары жүктеме кезінде жылыту қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті энергия көздері жабдықтарының жеткілікті құрамы жөнделді және дайындалды.

ҚР "Электр энергетикасы туралы" Заңына сәйкес "Алматы электр станциялары" АҚ 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде ең жоғары жүктемелерді көтеруге дайын екендігін растайтын паспорттар алды.

Алматы қ. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы "АлЭС" АҚ Батыс жылу кешені жабдықтарының дайындығына тексеру жүргізіп, 2022 жылғы 3 қазанда 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық паспортын берді.

ҚР Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті "АлЭС" АҚ объектілері жабдықтарының дайындығына тексеру жүргізді және 2022 жылғы 5 қазанда энергия өндіруші ұйымдардың 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындығының паспортын берді.