Қауіпсіздік мәдениеті – корпоративтік мәдениет бөлігі

"АлЭС" АҚ қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі 22 инспекторы "Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру" тақырыбы бойынша оқудан өтті

2022 жыл "Самұрық-Қазына" қорының компаниялар тобы үшін "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы" болып жарияланды. Компаниялардың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлерін, қауіпсіздік мәдениеті бойынша жоғары және орта буын басшыларын оқыту көзделген. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – Қордың әрбір қызметкері үшін күнделікті міндет.

"АлЭС" АҚ-да 2022 жылдың күзінде "Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру" тақырыбы бойынша қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі 22 инспектор оқудан өтті. Материалды жақсы игеру үшін екі топ ұйымдастырылған.

– Қауіпсіздік мәдениеті – бұл корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі, – дейді "АлЭС" АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев. – Қауіпсіздік мәдениеті белгіленген ережелерді бұзу әрекеттеріне қарсы ұжымдық иммунитеттің болуын қарастырады. Бұл мәселеде инспекторлар құрамының жұмысы үлкен маңызға ие.

Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру қызметкерлердің қауіпсіздік әдебін және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысуына ынталандырады.

– Тренинг-семинар қарқынды және серпінді өтті. "Successful Development Company" ЖШС оқытушысы жоғары деңгейлі маманы материалды жеңіл, қабыдауға түсінікті түрде бере алды. Біз қауіпсіздік мәдениетінің жаңа жақтарын, өндірісте және өмірде қолдану тәсілдерін аштық, – деп бөлісті "АлЭС" АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Айсұлу Иржанова.

"АлЭС" АҚ-да еңбек қауіпсіздігіне басымдық беріледі. Компания қызметкерлерінің жоғары қауіпсіздік мәдениеті мен тәуекелге бағдарланған ойлауы нәтижесінде нөлдік өндірістік жарақатқа әкеледі.