«Самұрық -Қазына» қоры Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлерімен IPO мәселелері бойынша кездесу өткізді

2022 жылғы 27 қыркүйекте «Самұрық-Қазына" қорының өкілдері Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлерімен IPO бағдарламасына қатысу мүмкіндігі туралы кездесу өткізді.

Сарапшылар кездесуге қатысушыларды "Самұрық-Қазына" жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, оның ішінде бірінші IPO-кандидат – "ҚазМұнайГаз" АҚ компаниясы туралы негізгі ақпаратпен таныстырды. Ұйымдастырушылар кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

– Мен Мемлекет басшысының экономиканы мемлекет иелігінен алу туралы идеясын қолдаймын. Бүгін бізді "Самұрық-Қазына" қорының портфельдік компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы хабардар етті. IPO механизмдері туралы баламалы табыс көзі ретінде есту де танымды болды, – деді станцияда 6 жылдан астам уақыт бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтері болып жұмыс істеп келе жатқан Елена Наумова.

"Самұрық-Қазына" АҚ өкілдері IPO-ның ұлттық компанияларды жекешелендірудің ең ашық тәсілдерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Осы ретте, биржаға шыққаннан кейін компанияларға негізгі бақылау "Самұрық-Қазына" қоры арқылы мемлекетте қалады деп болжануда. – Біз Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлері бүгін IPO бағдарламасымен танысуға мүмкіндік алдық. Компания қызметкерлерінің қаржылық сауаттылығын арттыру үшін роуд-шоу түрінде ақпараттық бағдарлама жүргізу өте пайдалы деп санаймын, – деп атап өтті ғимараттар мен гидроқұрылыстарды пайдалану цехы бастығының орынбасары Берікпол Қиақпаев.

Станцияның электр машина цехының инженер-электроншысы Қанат Орымбек бүгінгі кездесуден кейін ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алудың нақты мүмкіндігі бар деп санайды. Ең бастысы, екінші табыс көзі ретінде азды-көпті өз дивидендтерімізді алып отыратынымыз.

– Қапшағай ГЭС-інде 13 жылдан астам жұмыс істеймін. Бүгін IPO-ны түсіндіру бойынша ақпараттық кездесуге қатысып, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-нің қарапайым қызметкері үшін осы игіліктің маған да қолжетімділігі туралы ойладым, – деп жалғастырды сөз кезегін Электр машиналық цехтың 6 санаттағы электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі Мамырәлі Сейтбек.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында халықпен, компания қызметкерлерімен және өндірістік нысандар жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтеді.

Анықтама: 2025 жылға дейін "Самұрық-Қазына" АҚ-ның 7 ірі активі ішінара бәсекелі ортаға шығарылады, олардың 6-ы IPO арқылы шығарылады. "ҚазМұнайГаз" IPO осы жылға жоспарланған. Орналастыру AIX және KASE алаңдарында өтеді.

Қордың IPO және жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурстан білуге болады.