АлЭС: әйелдер клубы құрылды

2022 жылдың тамыз айында "АлЭС" АҚ-да Әйелдер клубының алғашқы кездесуі өтті. Талқылауға әйелдер клубының ережесі, тақырыптар мен кездесулер кестесі ұсынылды.

Қыркүйек айында компанияның барлық департаменттерінің өкілдері кіретін, әйелдердің бейресми бірлестігі – әйелдер клубының екінші отырысы өтті. Компания жұмыскер әйелдерін біріктірудің негізгі мақсаттарының бірі – әйелдердің рөлін күшейту және өндірістегі әйелдер үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Сондай-ақ, өндірістегі әйелдер қоғамының мәселелерін талқылау және ұтымды шешімдерді әзірлеу, оларды іске асыру, әйелдердің өндірістегі бастамаларын дамытуға ықпал ету, тиімді жоспарлау есебінен гендерлік теңдікті ынталандыру.

Әйелдердің табысқа жету тарихы көп болса, мемлекет те компания да тек ұтыста болады. "АлЭС" АҚ-да 628 әйел жұмыс істейді. Олардың 133 басшылық лауазымды атқарады.

Қыркүйектегі кездесуге компанияның өндірістік құрылымдық бөлімшелерінің 40-тан астам ару қызметкері қатысты. Клуб отырысына Гендерлік экономика мәселелері жөніндегі тәуелсіз халықаралық сарапшы Әлия Қадырқызы Ілиясова шақырылды. Ол Қазақстандағы гендерлік саясат және тең мүмкіндіктерді дамыту мәселелері туралы айтты. Бұдан әрі компанияның баспасөз хатшысы Айгүл Қорғанбаева өзінің білімімен және жоспарлаудың практикалық тәжірибесімен бөлісті. Нәтижесінде клуб мүшелері жеке жұмыс және өзін-өзі дамыту жоспарларын белгіледі.

– Әйелдер кеңістігі туралы идеясы ерте кезден ақ тауындап, жетілдірілді. Мұнда адамзаттың көркем жартысының өкілдері өз тәжірибесімен, білімімен, қабілеттерімен, шеберлігімен бөліседі. Менің ойымша, әр әйелдің өзіндік ерекшелігі мен дарыны бар. Клуб көзбен көз қарым-қатынас, танысу, тәжірибе және ақпарат алмасу, ортақ жаңа және қызықты жобалар жасау үшін құрылған, – деп атап өтті "АлЭС" АҚ АРБ бастығы Дария Шайжанова.

Қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова клубтың миссиясы – әрбір әйелдің әлеуетін ашу, қолдау деп санайды: "Әйелдер клубын құра отырып, біз компаниямыздың аруларын біріктіріп, олар қызмет саласында өсу және жеке тұлғалық дамуға қосымша мүмкіндіктер ұсынамыз. Сонымен қатар, клуб отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді дамытуға, балаларды тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға көп көңіл бөледі".

Іс-шараның бейресми бөлігінде әйелдер үшін Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да экскурсия өтті.

– Біз клубтың қатысушылар үшін ашық қарым-қатынас алаңына айналуын жоспарлап отырмыз. Біліктіліктерді дамытуға және теңгерімді өмірдің тұрақты деңгейіне қол жеткізуге бағытталған түрлі форматтағы іс-шараларды іске асырамыз деп үміттенеміз, – деп бөлісті экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор Асель Аргинбаева. – Клуб мүшелерінің барынша сенімді, белсенді және бастамашыл болатынына сенімдіміз.

– Қарқынды тіршілік барысында бір мезгіл жұмыстан басқа нәрселерге көңіл аударғың келеді, міне осы тұста әйелдер клубына қатысу туралы ұсыныс жасалды. Мен тіпті ойланбастан келістім және өмірімде әйелдер клубының пайда болғанына өте қуаныштымын! Сонымен бірге – сұлу арулар ортасындағы қызықты әңгімелер, жаңа білім, тәжірибемен, нәзік жандар энергетикасымен бөлісу үшін осындай кездесулер аса қажет. Бұл өте құнды әрі маңызды! Мен өзімнің отбасыммен алған ақпаратыммен бөлістім, және біз уақытты жоғалтпастан қыркүйек айынан бастап өмірдің теңгерім дөңгелегімен жұмыс істеуді шештік. Кездесулердің жалғасын күтемін, – деп Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС логистика бөлімінің бастығы Ақпейіл Мырзағалықызы өз әсерімен бөлісті.

Клуб отырыстарын тұрақты негізде өткізу жоспарланып отыр. Компанияның барлық ниет білдірген әйелдері іс-шараларға қатыса алады. Келесі кездесу қазан айында А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО өндірістік департаментінің алаңында өтеді деп жоспарланған.