АлЭС: «жасыл» даму бағыты

2-ЖЭО күл үйіндісінде осы жылдың көктемінен бастап 1000 павловния көшеттері өсуде

2022 жылдың наурыз айында А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО аумағында 1000 павловния көшеттері отырғызылды. Бұл экологиялық жоба төмен көміртекті дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және "жасыл" дамуға бағыт қабылдау шеңберінде өтті.

Бұл экологиялық жоба павловния ағашы Алматы облысының климаттық жағдайларына бейімделу және өмір сүру деңгейін бағалау үшін "пилоттық" жоба ретінде іске қосылды.

– Біздің станцияда бұрыннан бері бірнеше түп үлкен павловния ағаштары өсіп келеді. Бұл әлемде теңдесі жоқ тез өсетін ағаш. Сондықтан біз жасыл белдеу жасау үшін павловнияны станцияның күл үйіндісіне отырғызуды шештік, – деп бөлісті станцияның бас инженері Бауыржан Қалиев.

Павловния ағашы станцияға көрік береді, дейді есептейді станцияның инженер-технологы Асел Сұлтанғалиева. Ол жазда тығыз көлеңке береді, көптеген жұмысшылар ағаштың көлеңкесінде демалады. Ал көктемде керемет гүлдеуімен баршамызды таң қалдырады.

– Павловния – бұл қарапайым және төмен құнарлы топырақтарда, соның ішінде сазды топырақтарда өсуге қабілетті ағаш түрі. Сондықтан №1 күл үйіндісінің аумағына отырғызылды, – деді Баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының бастығы Дүйсенғали Солтанбақов. – Павловния зат алмасуы аса жоғары, әр гектардан 30-дан 70 тоннаға дейін көмірқышқыл газын сіңірудің үлкен көлеміне ие ағаш. Оның бір жапырағының өлшемі 100 шаршы сантиметрге жетеді. Осының арқасында ол көмірқышқыл газын көбірек сіңіріп, 6 кг оттегі бере алады.

Ерте көктемде отырғызылған кішкентай көшеттер қамқорлықтың арқасында тамыр алып, өсіп кетті. Кейбір ағаштардың биіктігі қазір 1,8 метрге жетеді.

Павловнияны "экологиялық ағаш" деп атайды, өйткені оның ерекше қасиеттері, тез өсуі, тіпті ауыр металдардың концентраттарын сіңіретін үлкен жапырақтары, әдемі және мол гүлденуі "АлЭС" АҚ қоршаған ортаға теріс әсерді өтеу және санитарлық қорғау аумағын көгалдандыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін өте қолайлы.