2022 жылғы 6-8 қыркүйекте "АлЭС" АҚ департаменттерінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам" қалыққа Жолдауының қағидалары талқыланған еңбек ұжымдарының жиналыстары өтті.
А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-дағы кездесуде Алматы қалалық "АМАНАТ" партиясы ұйымының жауапты хатшысы М.Отыншиев, мәслихат депутаттары Е.Қасымов, А.Көбеева, Б.Үстенов сөз сөйледі. Депутаттар Президент Жолдауында айтылған барлық қағидалар мен бастамаларды егжей-тегжейлі түсіндірді.
Талқылауға компанияның барлық жұмыскерлері қатысты.
– Жолдауда "Азамат-бизнес-мемлекет" үштігіндегі қатынастарды түбегейлі қайта құру идеясы көтеріліп, мемлекеттің экономикаға қатысу бағыты біртіндеп қысқарып келе жатқаны атап өтілді. Экономика мен әлеуметтік саланы дамыту, мемлекеттік басқаруды қайта қарау – осы Жолдауда белгіленгендей, азаматтардың өмірін жақсартуға ықпал етеді деп сенемін", – деп атап өтті Бағдәулет Үстенов, Күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі басқарушы директор.
2-ЖЭО жөндеуді дайындау цехы жөндеу қызметінің инженері Наргиз Қиысбекті Жолдауда көтерілген еңбекақыны көтеру мәселесі қуантады.
– Бізге Жолдаудағы әйелдердің зейнеткерлік жасын 2028 жылға дейін төмендету туралы тармағы ұнады. 61 жас дұрыс. Бізде химия цехында, отын-көлік цехында және жөндеу цехында ауыр жағдайда жұмыс істейтін әйелдер көп. Әйелдер ертерек зейнетке шығып, немерелерімен айналысқысы келеді, – деп толықтырды пікірді станцияның кәсіподақ ұйымының төрайымы Гуля Жакаева.
Кездесуді қорытындылай келе, оның қатысушылары Жолдау қазіргі жағдайда өмір сапасы мен әлеуметтік ахуалдың өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жүйелі іс-шаралар жоспары болып табылады деген қорытындыға келді.