2022 жылдың 9 қыркүйегінде энергетиктер қауымы: "Рахмет, Нұрлан Тауфикович!" деді. Оның еңбек кітапшасында тек екі жазу бар: "АлЭС" АҚ 2-ЖЭО және Бас кеңсесі.
Нұрлан Тауфикович энергетикада 1980 жылдан бастап жұмыс істейді – бұл азды-көпті 42 жыл! 2- АЖЭО электр цехының кезекші электр монтерінен бастап, ол цех бастығының орынбасары, 2-ЖЭО электр цехының бастығы, "АПК" АҚ 2-ЖЭО бас инженері, "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасына дейін инженерлік сатылардан өтті.
– Бүгінде сіздің еңбек жолыңызды біле отырып, өткен жылдар жауапты, мазмұнды және нәтижелі өтті деп сеніммен айта аламыз, – деп атап өтті "АлЭС"АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев. – "АлЭС" АҚ-ның дамуына қосқан жеке үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздің еңбегіңіз бен жоғары кәсібилігіңіздің арқасында біз елеулі табыстарға қол жеткіздік және ҚР энергетикалық компанияларының арасында лайықты орын алдық.
Бүгінде "Алматы электр станциялары" АҚ-да Нұрлан Мұхамед-Рахимовтың шәкірттері мен ізбасарлары болып табылатын жоғары білікті мамандар, шынайы кәсіпқойлар жұмыс істейді.
– Нұрлан Тауфикович 2-ЖЭО-да электр цехында, ал мен қазандықта жұмыс істей бастаған кезеңді көбі біле бермейді. Мен тіпті Нұрлан Тауфиковичке емтихан тапсырғаным бар, оңай болмағанын мойындаймын, – дейді БЖК директоры Исахан Сырғабаев.
Өндіріс жөніндегі басқарушы директор – Бас инженер Газий Исмұхамбетов Нұрлан Тауфиковичті өзінің ұстазы және тәлімгері деп санайды: "Біз сынақтар мен жеңістер жолымен бірге өттік. Иық тірсесіп, қатар жұмыс істедік, мен оны мақтан тұтамын. Нұрлан Тауфикович айналасына кәсіпқойлар командасын жинап, біздің компаниямыздың тұрақты жұмысының негізін қалады".
Асель Аргинбаева, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, Нұрлан Тауфиковичтің жоғары кәсіби деңгейін атап өтті. Өндіріс пен тариф құралудың ерекшелігі мен мән-мағынасын түсіндірген осы Нұрлан Тауфикович болатын.
АРБ кадрлар бөлімінің жетекші маманы Дина Карабалина "АлЭС" АҚ жастар ұйымын құрып, оған мол қолдау көрсеткені, әртүрлі департаменттерден жиналған жастар тату біртұтас ұжымға айналғаны үшін Нұрлан Тауфиковтичке алғыс айтты.
Нұрлан Тауфикович әріптестері мен достары арасындағы жоғары беделі мен кәсібилігі, анықталған мақсаттарға қол жеткізудегі табандылығы, талапшылдығы, адамдарға деген ілтипатты және ықыласты қарым-қатынасы арқасында лайықты құрметке ие болды.
Нұрлан Тауфикович энергетиктер ұжымымен берік байланыстарды ұзақ жылдарға сақтайды, ал оның бай тәжірибесі, білімі, кеңестері "АлЭС" АҚ-да сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Ұрпақтар сабақтастығы – алматы өңірі энергетиктерінің жақсы дәстүрі.
Біз Нұрлан Тауфикович Мұхамед-Рахимовке мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жоғары кәсіби қалпының сақталуын және жаңа көкжиектердің кеңеюін шын жүректен тілейміз.