Қауіпсіз өндіріс қолданыста

Бағдарлама жұмысы барысында 9 қызметкер анықталған бұзушылықтар туралы хабарлағаны үшін марапатталды

Жұмыс орындарында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет барлық ұжымның бірлескен күш-жігерін және "АлЭС" АҚ әрбір жұмыскерін қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың бұзылуын анықтау және оған жол бермеу жөніндегі жұмысқа белсенді тартуды талап етеді.

Осы мақсатта "АлЭС" АҚ-да 2021 жылы "Қауіпсіз өндіріс" ақпараттық жүйесінің 4 модулі қолданысқа енгізілді: ақаулар мен оқиғалар журналы, қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудиті, өндірістік бақылау және оқытуды бақылау. Модульдерді енгізу қызметкерлердің смартфондарына мобильді қосымшаларды орнату арқылы қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысу деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. "E-Capital" ЖШС өкілдері "АлЭС" АҚ негізгі және жалпы пайдаланушылары үшін жұмыста "Қауіпсіз өндіріс" бағдарламасын қолдану бойынша оқыту ұйымдастырды. "Қауіпсіз өндіріс" АЖ пайдалану бойынша нұсқаулық әзірленді.

«Қауіпсіз өндіріс» АЖ-сын жұмысшылар арасында белсенді пайдаланушылар үшін «АлЭС» АҚ-да материалдық көтермелеу шаралары көзделген. «АлЭС» АҚ-да жазатайым оқиғаларға әкеп соқпаған қауіпті факторлар, тәуекелдер, оқыс оқиғалар туралы хабарлағаны үшін қызметкерлерді көтермелеу туралы Ереже әзірленді. Жұмыс персоналына біржолғы көтермелеу мөлшері тіркелген бұзушылықтар санын 6-дан бастап есепке алудан және 2-ден 10 АЕК-ке дейін құрауы мүмкін. Ағымағы жыл басынан «Энергожөндеу» ӨЖК және 3-ЖЭО 9 жұмыскерке жалпы сомасы 47 мың теңге көтермелеу төленді.

Қауіпті факторлар, тәуекелдер, оқыс оқиғалар туралы хабарлағаны үшін көтермелеу 3-ЖЭО-ның 6 қызметкеріне, соның ішінде қазандық цехының қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушысы Қуаныш Данарқұловқа да 29 мың теңге мөлшерінде көтермелеу берілді.

Қуаныш Данарқұлов анықталған бұзушылықтар туралы хабарлағаны үшін сыйақы алғанына қуанышты екенін айтты. Мобильді қосымша арқылы менің хабарламаларым бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдауға және станция жұмыскерлері мен жабдығы үшін ықтимал қауіпті салдарларды болдырмауға мүмкіндік берді. Барлық қызметкерлерді "Қауіпсіз өндіріс" АЖ мобильді қосымшасы арқылы жабдықтың жұмысындағы қауіпті факторлар мен бұзушылықтарды белсенді анықтауға және хабарлауға шақырамын.

– "Қауіпсіз өндіріс" АЖ енгізудің негізгі мақсаты барлық ықтимал қауіпті оқиғаларды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы сәйкессіздіктерді тіркеу болып табылады. Мобильді қосымша әрбір қызметкерге қауіпті факторды немесе сәйкессіздікті анықтағаннан кейін оларды "Ақаулар мен оқиғалар журналы" модулінде тіркеу мүмкіндігін ашады. "Қауіпсіз өндіріс" АЖ-дағы процесті автоматтандыру жауапты тұлғаларға анықталған қауіпті факторлар мен сәйкессіздіктерді жою бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті "АлЭС" АҚ ӨҚжЕҚБ бастығы Кәрім Сартаев.