АлЭС: 1-сынып оқушыларына арналған сыйлықтар

"АлЭС" АҚ қызметкерлерінің көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына оқу құралдары бар 120 рюкзак сыйға берілді

Білім күніне орай болашақ энергетиктерге дәстүр бойынша компания атынан сыйлықтар тарту етілді.

"АлЭС" АҚ Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Дархан Кәкетайдың айтуынша, жұмыскерлердің аз қамтылған және көп балалы отбасыларына деген шынайы көмек пен мейірім Компанияның корпоративтік рухын нығайтады. Бәлкім, осы балалардың бірі ата-анасының ізімен болашақта өз өмірін энергетика саласымен байланыстыратын болуы мүмкін.

"Мектепке жол" акциясын ұйымдастырушылардың бірі "АлЭС" АҚ "Жарқын Болашақ" жастар ұйымының төрайымы, "АлЭС" АҚ "Энергожөндеу" ӨЖК департаментінің жетекші инженер-бағдарламашысы Фариза Ботақараева болды. Ол "Жарқын Болашақ" жастар ұйымының белсенділерімен, "АлЭС" АҚ және "АЖК" АҚ қызметкерлерімен бірге 19-24 тамыз аралығында "Самұрық-Қазына"қорының жобасы бойынша мектепке арналған оқу – құралдары салынған 12 000 рюкзакты сұрыптау және орау бойынша үлкен жұмыс жүргізді.

– Мен 10 жылдан астам "АлЭС" АҚ атынан қайырымдылық акцияларына қатысып келемін. Тамыз айының басында "Самұрық-Энерго" АҚ "Мектепке жол" жобасының "АлЭС" АҚ іргесінде іске асырылады деген шешім қабылдады. Еш күмәнсіз көмектесуге ниет білдірдім. Біздің белсенділеріміз осы жобаға ат салысуға қуанышпен кірісетініне де сенімді болдым. Кейін "Самұрық-Қазына" жанындағы «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы" жобаны іске асыру бойынша "Самұрық-Қазына" портфельдік компанияларының басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте көмектің басым бөлігін энергетикалық компаниялар, атап айтқанда, Алматыдағы "АлЭС" АҚ және "АЖК" АҚ алады деп шешілді. Жобаның басынан аяғына дейін біздің белсенділер ынталы болды. Барлық ұйымдастырушылық мәселелер бойынша және жобаға қатысқан барлық ерікті белсенділерге үлкен қолдау көрсеткен "АлЭС" АҚ Жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Дархан Кәкетайға алғысымды білдіремін, – деді Фариза Ботақараева.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО инженер-технологы Айзада Тлеухан осы аталған науқанға қатысу нәтижесінде орындаған жұмысынан қуаныш пен қанағаттану сезініп, оның маңыздылығына көз жеткізді. Ол қоғамға пайдасын тигізіп, болашақта да осындай іс-шараларға қатысуға дайын.

– Достарым мен әріптестерімнің шынайы ықыласпен көмек беру ұмтылысын көріп, мен де бірінші кезекте өзіме және өзгелерге жәрдем беру ықыласым оянды, әлем игі жақсылық жасауға ұмтылатын адамдармен кемелді – деді Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО химиялық талдау зертханашысы Ақерке Оразова.

Батыс жылу кешенінің Релелік қорғаныс және аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері Адиль Абильдаевтың осындай үлкен іс-шараға қатысудағы алғашқы тәжірибесі болды. Оның пікірінше, игі істер жасау маңызды, ал компания қызметкерлерінің балалары үшін бұл екі есе жағымды. Жұмыс барысында ол басқа кәсіпорындардың жігіттерімен таныса алды.

– Ерікті болып жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Біз жеті күн бойы үлкен отбасы ретінде ұйымдаса жұмыс істедік. Мен көп балалы әкемін. Балама сүйіспеншілікпен жиналған рюкзакты әкелгенде, оның бақытында шек болмады. Әрқашан көмектесуге және пайдалы болуға қуаныштымын, – деп атап өтті БЖК машинист-қараушысы Азамат Қасымбек.

БЖК қазандық машинисі Дәріғұл Кәріғұловтың да баласы биыл 1сыныпқа барады.

– Менің балам да биыл біздің компанияның сыйға тартқан портфелімен мектепке барады, – деді Дәріғұл Кәріғұлов. – Балаларымыздың болашағы жарқын болсын! Мен өз үлесімді қоса алғаныма өте қуаныштымын. Менің төрт балам бар. Балаларымыздың қуанып, күлімсіреуінен артық бақыт жоқ. Мен өз баламды ғана емес, еліміздің балаларын да қуанта алатыныма марқайдым.

Балалар – болашағымыз. "АлЭС" АҚ қызметкерлері өздері атқарған жұмыстың Компания қызметкерлерінің бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндері үшін пайдалы болатынына үміт артады.