«Жас Өркен» бағдарламасы тәжірибе жинауға мүмкіндік берді …

Дарынды жастарды дамыту бағдарламасы бойынша "АлЭС" АҚ-да үш жас маман тағылымдамадан өтті

Талапты әрі қабілетті жас мамандарды дамыту және алға жылжытудың кең құралы ретінде өндірісте тәжірибемен алмасу, жұмыс орнында оқыту тәсілі қолданылады. Сондықтан "Алматы электр станциялары" АҚ "Жас Өркен" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтушілер үшін тәлімгерлерді таңдауға мұқият қарайды. Өйткені өндірістегі тәлімгерлер –жобаның негізі. Осы істің табысты болуының негізі – жастарды қолдау, олардың бойында іске, мамандыққа, елге деген оң көзқарас қалыптастыруға көмектесу.

Димаш Жүнісов 2019 жылы Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, Әділхан Абсұлтан бас кеңсенің техникалық басқармасында, Ерхан Батырханов 2021 жылы А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да тәлім алды.

– Тәжірибеден өткен станция ұжымы менің жүрегімде мәңгі қалды, – деп айтады Данияр Жүнісов. – Олар ашық, жайдары, әрдайым көмектесуге дайын мамандар. Тәлім алған уақыт ішінде мен өмірде қолданатын көптеген практикалық тәжірибе жинадым. Менің тәлімгерім электр цехының бастығы Дінмұхамед Бурамбайұлы Аймуратов болды. Оның үлкен ағамдай, досымдай болғанына өте қуаныштымын.

Ержан Батрхановтың тәлімгері 2-ЖЭО бас инженері Бауыржан Қалиев болды.

– А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-дағы ротация кезінде мен жылу электр орталығы жұмысының ерекшеліктерін зерттедім, электр цехында, өндірістік-техникалық бөлімде баға жетпес тәжірибе алдым, сондай-ақ өз тәлімгеріммен бірге станция режимін реттеуге қатыстым, – деп сөзін жалғастырды Ерхан Батырханов. – Оның кеңестерінің арқасында мен энергетика саласының маманы болып өстім. Бауыржан Болатұлының маған қандай да бір процестің мәнін түсіну керек деген ойды қалай жеткізгені есімде, өйткені білгеніңді тез ұмытасың, ал өзің жасасаң есте мықты сақталады. "Жас Өркен" бағдарламасы маған төрт ұлттық компанияда жұмыс істеу мүмкіндігін беріп, білімді, өз ісінің кәсіби мамандарымен қатар жұмыс істей жүріп, тәжірибе жинауға мол мүмкіндік сыйлады. Мен қазір әріптестеріммен байланысты жалғастырудамын.

Кайнарбек Керимкулов, техникалық басқарманың бастығы, Әділхан Абсултанның тәлімгер: «Жас өркен» – жастарға жақсы жұмыс табуға мүмкіндік беретін нәтижелі бағдарлама».

– Әділхан өндірістік департаменттердің өз қажеттіліктеріне жұмсалатын электр энергиясының шығынын талдау дағдыларын игерді, – деп атап өтті Қайнарбек Керимкулов. Осы талдау негізінде ол электр энергиясының шығындарын азайту бойынша шараларды анықтауға үйренді. Қазір Әділхан "KEGOC" АҚ-да жұмыс істейді, біз хабарласып тұрамыз.

"АлЭС" АҚ тәлімгерлері "Самұрық-Қазына" корпоративтік университетінде "Нәтижелі тәлімгер" семинарында оқудан өтті. Әрбір тәлімгер "Самұрық-Қазына" Қорының Алғыс хатымен және арнайы Құрмет белгісімен марапатталды. 2022 жылдың жазында Бауыржан Қалиев "Жас Өркен" бағдарламасын жүзеге асыруға көмектескені үшін алғыс алды.

Естеріңізге сала кетейік, тағылымдама ұзақтығы 5 айды құрады, "Жас Өркен" жас мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы 20 айды құрайды.