3-ЖЭО: Дариха Еркиновна Жумабаева құрметті демалысқа шықты

2022 жылғы 12 тамызда зейнеткер жасына келуіне байланысты 3-ЖЭО өндірістік департаменті отын-көлік цехының 3-разрядты отынды таразылаушы-қабылдаушысы Дариха Еркиновна Жумабаева құрметті демалысқа шықты.

Жалпы еңбек өтілі 41 жыл, оның ішінде 3-ЖЭО үздіксіз жұмыс өтілі 9 жылды құрайды.

Өз еңбек жолын 2013 жылы 3-ЖЭО-да отын-көлік цехында отынды таразылаушы-қабылдаушы лауазымынан бастады. Отын-көлік цехындағы жұмысы барысында Дариха Еркиновна өзін бастамашыл тұлға ретінде танытты, қойылған міндеттерді уақтылы әрі табысты орындап отырды. Жұмыс істей жүріп, таразышы-отын қабылдаушының біліктерін, қазіргі заманғы бағдарламаларда отынды қабылдау және өлшеу білігін игерді. Құжаттамамен жұмыс жасауда әрқашан ұқыпты. Тәлімгерлік жұмыспен белсенді айналысты. Цехтағы әріптестер оның даналық, тәжірибе, білім және керемет жұмыс қабілеттілігі сияқты қасиеттерін атап өтеді.

3-ЖЭО ұжымы Дариха Еркиновна, сізге өміріңізді күн сайын жарқын, қызықты өткізіп, одан зор ләззат алуды тілейміз! Өйткені, сіз жұмысқа, бізге көп нәрсе бердіңіз. Енді демалуға толықтай арнай алатын алтын уақытызда өзіңізді сүйікті істеріңізге және өзіңізге арнаңыз.