«АлЭС» АҚ жұмыскерлері «Самұрық – Қазына» қорының «Мектепке жол» науқанына қатысты

"АлЭС" АҚ-да 12 000 оқушының рюкзагы жинақталды және ҚР 10 өңіріндегі оқушы балаларға тарату үшін Қор қоржынындағы компанияларына жіберілді

"АлЭС" АҚ қызметкерлері оқу жылының басталуына дейін Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да балаларға арналған сыйлықтарды өз күштерімен жедел жинақтап, жібере алды.

– «Мектепке жол қайырымдылық науқанына қатысудың алғашқы күндерінен ақ Қор қызметкерлерін жақсылық жасауға деген ортақ талпыныс пен ынта біріктіретініне көзімді жеткіздім. Бізде, энергетиктерде, жиі өткізетін түрлі қайырымдылық іс-шараларына қатысудың үлкен тәжірибесі бар. Биылғы жылы өңірдегі оқушы балалардың жаңа оқу жылына дайындығын Қордың орталықтандырылған көмегі қуантады», – деді «АлЭС« АҚ «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева.

Еріктілер күн сайын азаңғы сағат 8-ден бастап кешкі сағат 17.00-ге дейін аянбай еңбек етті. Алматыдағы Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО асханасында олар үшін «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығы» түскі ас ұйымдастырды.

«Мен бұл науқанға өз қалауыммен қатыстым, себебі бүлдіршіндерге жақсылық жасау – ең жағымды эмоция сыйлайды. Қордың осындай игі акцияларға қатысудан тыс қалмайтыны жақсы», – деп атап өтті Алматы 1-ЖЭО Ақпараттық технологиялар қызметі цехының қызметкері Ақылбек Ерғазиев.

Елуден астам адам тапжылмастан аптаның бес күні бойы жұмыс істеді. Қайырымдылық акциясына қатысушылардың өздері ойлап тауып, әзірлеген дөңгеленетін конвейер жүйесі қораптарды ашу және заттарды сұрыптау процесін едәуір жеңілдетті.

Бес жұмыс күнінің нәтижесінде 12 000 оқушы рюкзагы жинақталып, дайындалды. Қор компанияларының басым бөлігі шоғырланған және жеткізуге ұзақ уақыт жұмсалатын отынымыздың батыс өңірлеріне сыйлықтар салынған қораптар бірінші болып жөнелтілді. Мейірімділік эстафетасын Қор компанияларының жергілікті қызметкерлері мен еріктілері жалғастырып алып кетті. Олар балаларға және олардың ата-аналарына сыйлықтар жеткізу сынды жауапты, бірақ маңызды миссияны – абыроймен атқарды.

1 қыркүйекте басталатын жаңа оқу жылында әр бала көптен күткен рюкзагын алды, онда тек мектепке арналған оқу құралдары ғана емес, сондай-ақ осы игі акцияға қатысқан "Алматы электр станциялары" АҚ қызметкерлерінің маңдай тері мен жүрегінің де бөлшегі бар.

(материал https://sknews.kz/news/view/12-tysyach-portfeley-dobraya-akciya-fonda-samruk-kazyna негізінде әзірленді)