АлЭС: Health&Safety саласында «жеке міндеттемелер» қабылданды

"Самұрық-Энерго" АҚ еншілес тәуелді ұйымдармен (ЕТҰ) 2022 жылдың бірінші жарты жылдығындағы кеңес қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері, сондай-ақ 2022 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарлар талқыланды.

Қабылданған "Нөлдік жарақаттанушылық» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде "АлЭС" АҚ Басқарма Төрағасы мен өндірістік департаменттерінің директорлары Health&Safety саласында "7 алтын ережеден" тұратын жеке міндеттемелерді қабылдады.

Жеке міндеттемелерді қабылдау "АлЭС" АҚ басшыларының жария қол қоюымен расталды. Бұл Компания басшыларының қауіпсіздік құндылықтарына бейімдігінің, қызметкерлер үшін қауіпсіз жағдайлар жасау және өндірісте нөлдік жарақаттануға қол жеткізу үшін еңбекті қорғаудың үздік тәжірибелерін енгізуді қамтамасыз ететіндігінің көрсеткіші болып табылады.