Жаздың жайдары естіліктері

412 бүлдіршін «Эдельвейс» энергетиктер сауықтыру лагерінде жазда демалды

Компанияда жұмыс істейтін қызметкерлер және балалары лагерде бірлесіп өткізген кездесулерді есіне жиі алады. Әсіресе, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қызметкерлері екінші маусымда өткізген энергетика мамандығына арналған іс-шара ерекше есте қалды.

Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ӨТБ бастығы Айбек Шаяхметов энергетик мамандығының ерекшеліктері және әйелдердің энергетикадағы мүмкіндіктері, энергетика саласындағы тең мүмкіндіктер туралы айтып берді. Демалыстағы балаларды станция цехтарының жұмысымен тиянақты таныстырып, сол жұмыстың өндірістегі маңызын түсіндірді.

– Осындай кездесулерді біз әр жылы өткізіп отырамыз. Бұл жолы балалардың энергетик мамандығын жақсы түсінуі үшін іс-шараны қалай өткізу керек деп ойландық, – деді Айбек Шаяхметов. – Биыл біз балаларға станция жұмысы туралы қысқа метражды мультфильм көрсеттік. Осындай мультфильмдер көп нәрсені үйрете алады. Мультфильмге тек балалар ғана емес, ересектер де қызығушылық танытты.

Еңбек қаіпсіздігі және қорғау жөніндегі аға инспектор Александр Кан лагерьге компания қызметкері және ата-ана ретінде бірнеше рет келді. Александр балаларды "Гоша" робот-жаттығу үлгісінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларымен таныстырды.

– Мен лагерьдің тамаша табиғат аясында орналасып, одан ашылатын керемет көріністерін жиі еске аламын. Балалар бізді әрдайым қуана, жылы қарсы алады. Балалардың барлығы кішісінен бастап ересектерге дейін кездесуге белсенді қатысты. Біз балалармен тренажерде реанимациялық іс-шаралар өткізуге тырыстық. Барлығы өте риза болды", – деді Александр.

Химиялық цех қызметкерлері: инженер-технолог Дорошева Гүлнара және 4-разрядты зертханашы Оразова Ақерке судың қаттылығы мен сілтілігіне жасалған талдауларды көрсетті. 12 жастан асқан балаларға судың түсінің өзгеруін байқау өте қызықты болды. Жұмысшылар жыл сайын өздерінің жұмысын қалай ұтымды көрсететіндігін ойластырады. Биыл бор қышқылымен жүргізілетін жасыл отпен тәжірибе көрсетті, қантпен тәжірибеде перғауын жыланы қанттан пайда болды. Балалар барлық тәжірибені қуана қызықтады.

– Мен жыл бойы лагерьді армандадым, – деп естеліктерімен бөлісті Гүлнар Дорошеваның қызы Маргарита. – Мен былтыр да лагерьде демалдым. Биыл маған қаттырақ ұнады. Екі маусымға қалдым, өйткені вожайтыйларды ұнаттым, қимадым. Альтаир мен Тимур 5 отрядтың тәлімгерлері, қамқор және жанашыр адамдар. Балаларды әрдайым және барлық жағынан қолдап, бізге түрлі ойындар ойлап тауып, қызықтырып отырды. Мен лагерьдің барлық қызметкерлеріне осындай тамаша демалысымыз үшін алғыс айтамын.

 

Баптау және табиғатты қорғау цехының 1 санатты инженер-технологы Айзада Тлеухан өткізген викторина кештің сәні болды. Викторина балалардың физика, химия, математика саласындағы жан-жақты танымдарын анықтады, сондай-ақ балалар логикалық сұрақтарға сәтті жауап берді.

Викторина сұрақтарын біз алдын ала дайындаймыз, әр тапсырманы ойластырамыз. Өскелең ұрпақтың энергетика мамандығының маңыздылығын түсіне отырып, қызығушылықпен және ынтамен тыңдайтыны, сұрақтарға жауап бергендері қуантады, – деп атап өтті Айзада.

Балалар мен компания қызметкерлері келесі жылдың маусымын асыға күтеді.