Тамыз айы А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да жөндеу жұмыстарының қызған шағы.
Жөндеу науқаны 2022 жылдың бірінші наурызында №1 ст. қазандық агрегаты мен №4 ст. турбоагрегатын ағымдағы жоспарлы жөндеуден басталды.
– Қазіргі уақытта сегіз қазандық агрегаты мен алты турбоагрегаттың төрт энергетикалық қазандығы мен үш турбоагрегатының жоспарлы ағымдағы жөндеулері аяқталды, – деді станцияның бас инженерінің орынбасары Абзал Жақыпбаев. – №6, ст.№7 қазандық агрегаттарында және №3 ст. турбоагрегатында негізгі элементтерді ауыстыра отырып, "Энергожөндеу" ӨЖК қызметкерлерінің және тартылған мердігерлік ұйымдардың күшімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. "КазРемЭнерго" АҚ мердігерлік ұйымының іргесінде №3 ст. генераторының роторында күрделі жөндеу жүргізілуде.
Осы уақыттың өзінде жылу желісі жабдықтарында 50%-дан астам жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сорғы паркі, құбырлар, жылу алмасу аппараттары және т. б. жөнделді.
Қазір №4, 5 ст. қазандық агрегаттарын және №2 ст. турбоагрегатын жоспарлы ағымдағы жөндеуге шығару, парк ресурсын ұзартуға бағытталған №6 ст. турбоагрегатына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.
Жөндеу компаниясы жылу беру маусымы басталатын кезеңге дейін аяқталады.