Ортақ іске - ортақ ықылас

2022 жылғы шілде айының ортасында «АлЭС» АҚ алаңында ағымдағы жылдың I жартыжылдығында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұйымдастыруымен көшпелі кеңес өтті. Іс-шара «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында 2022 жылға еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес өтті.

Кеңес жұмысына «Б. Нұржанов атындағы ЕГРЭС-1» ЖШС, «СЭГРЭС-2» АҚ, «У.Д. Кантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «ПВЭС» ЖШС, «Samruk-Green Energy» ЖШС, «АЖК» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «АлЭС» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ «Еңбекті қорғау» Департаментінің өкілдері қатысты.

«АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Киркинбаев:

– 2022 жыл «Самұрық-Энерго» АҚ тобының компанияларында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жарияланды. 2021 жылы және ағымдағы 2022 жылы «АлЭС» АҚ-да еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларға жол берілген жоқ. Тұтастай алғанда, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері өндірісте жарақаттануға жол бермеу әрқашан Қоғамның басым және маңызды мақсаты болып келген және болып табылады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәдениетін арттыру, барлық жұмыс орындарында әрбір қызметкер үшін қауіпсіз және қолайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі игі мақсатқа қол жеткізуде табыс тілеймін, – деп қатысушыларды құттықтады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Еңбекті қорғау» Департаментінің директоры Төлеген Максилов «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық ЕТҰ-ларында 2022 жылғы I жартыжылдықтағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттану саласындағы жұмыс қорытындылары және екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарлары туралы баяндама жасады.

Айтылған мәселелерді бірлесіп талқылағаннан кейін «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында өндірістік жарақаттануды болдырмау және өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында нақты шешімдер қабылданды.

Кеңеске қатысушылар «Еңбекті қорғауды басқару жүйесін бағалаудың заманауи тәсілі және қауіпсіздіктің орнықты мәдениетін құру» тақырыбындағы инфосессияға үлкен қызығушылықпен қатысты.

– Біз кеңестің күн тәртібіне сәйкес екі мазмұнды жұмыс күнін өткіздік. Соның ішінде «АлЭС» АҚ А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО және Каскад ГЭС өндірістік департаменттерін аралаумен таныстыру сапарларын ұйымдастырды. Біз сол жерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің жұмысын көре алдық.

«АлЭС» АҚ-ға үлкен алғысымды білдіремін, – деді «СЭГРЭС-2» АҚ Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Мұрат Байтеміров