Тәжірибе қиын болғанымен, біз сапалы білім алдық…

деп санайды Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО – да тәжірибеден өткен Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттері

Жаздың бір айы бойы «Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институтының 29 студенті «АлЭС» АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО және Қызметкерлерді даярлау бөлімінің базасында өндірістік практикадан өтті. Дуальды оқыту элементтерін қамтыған практика қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы, турбина жабдығы бойынша машинист-қараушы жұмысшы мамандықтары бойынша жүргізілді.

– «Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ-пен бізді бұрыннан келе жатқан ынтымақтастық байланыстырады. Біздің компания осымен төртінші жыл қатарынан ЖОО-мен дуалды жүйе бойынша ынтымақтастық орнатып келеді. Бұл жылу энергетикасы мамандығы бойынша неміс дуалды білім беру жүйесі бойынша мамандар даярлауды белсенді түрде енгізген алғашқы жоғары оқу орындарының бірі, – деді Қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова.

Соңғы жылдары дуальды оқыту тәсілі танымал бола бастады. Дуальды оқытудың ерекшелігі – түлектің сапалы және табысты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті құзыреттерге ие болуын қамту. "Дуальды студенттер" ЖОО-да оқу барысында теориялық білім алып қана қоймай, практикалық тәжірибе жинақтайды. Содан кейін жұмысқа келіп, жұмыс орындарына тезірек бейімделеді.

– Біз екі апта бойы 1-ЖЭО қазандық цехында практикалық оқудан өттік, содан кейін Қызметкерлерді даярлау бөлімінде теориялық білім алдық. Тәжірибе өте қызықты өтті. Альберт Эйнштейннің "Теория – бәрі белгілі, бірақ ештеңе жұмыс істемейді. Тәжірибе – бұл бәрі жұмыс істейді, бірақ оның себебін ешкім білмейді" – деген сөздерін енді түсіне бастадым. Біз теория мен практиканы біріктіреміз, – деп бөлісті қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы мамандығының 3 курс студенті Ернар Сисенғалиев. – Энергия – өмір. Энергия барлығына және барлық жерде қажет. Менің мақсатым – энергетиканы дамыта отырып, Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосу. "АлЭС" АҚ ұжымына студенттерге деген жылы және ықыласты қарым-қатынасы үшін үлкен алғысымды білдіремін.

3 курс студенті Александр Бороздин станцияда алғаш рет: "Маған бұл жерде өте қызықты. Теория – бір бөлек, тәжірибе мүлдем басқа. Мен өзім үшін көп нәрсені білдім, көрдім. Біз барлық жабдықтармен таныстық. Бір орында отырмадық, станцияны үнемі аралап жүрдік, қарадық, зерттедік, бәрін ұсақ-түйекке дейін талдадық".

– Иә, бірінші апта таныстыру болды, – деп жалғастырды Александрдың курстасы Алина Байсал. – Ал екінші аптада бізден білім талап етілді. Біз игерген білімдеріміздің бәрін бекіттік. Тәжірибе қиын болды, бірақ біз сапалы және қажетті білім алдық.

Аслан Сәбитов станцияда практикалық тәжірибе алған дұрыс деп санайды. Куратор студенттермен үнемі бірге болып, барлық сұрақтарға жауап берді. Станция қызметкерлерімен сөйлесуге, жаңа білім алуға үлкен мүмкіндігіміз болды.

Тәжірибеден өткеннен кейін студенттер біліктілік емтихандарын тапсырды. Емтихан комиссиясының құрамына "АлЭС" АҚ инженерлік-техникалық қызметкерлері және университет оқытушылары болды. Емтиханды сәтті тапсырған студенттер мемлекеттік үлгідегі жұмысшы мамандығына куәлік алды.