Игі істер жалғасуда…

«АлЭС» АҚ-да 280 көп балалы және аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді

«АлЭС» АҚ және «Энергия» жергілікті кәсіподақ» ҚБ-да жұмыскерлерге қамқорлық жасау әрқашан басымдыққа ие. 2022 жылғы шілдеде дәстүр бойынша көп балалы жұмыскерлерге 5 219 888 теңге сомада материалдық қолдау көрсетті.

– Біз жұмыскерлеріміздің әл-ауқатына шын жүректен мүдделіміз. Сондықтан кәсіподақ пен жұмыс беруші жұмыскерлердің көп балалы отбасыларына, ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасайды. Бұл біздің компаниямыздың басты құндылықтарының бірі. Кәсіподақ тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де көмектесуге тырысады. Шілде айында біз 280 көп балалы отбасыға азық-түлік себеті түрінде (әрқайсысына 19000 теңге) көмек көрсеттік, – деп атап өтті кәсіподақ төрағасы Серік Тымбасбаев.

А. Жақұтов ат. 2-ЖЭО жөндеу слесарі Тимур Жаббаров компания туралы: «Жыл соңында бізге жұмыс істеген жылдары үшін сыйақы беріледі, сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Біздің компаниямызға апатсыз жұмыс, өркендеу және табыс тілеймін. Бізде ерекше мейірімді, қайырымды, өз білімімен бөлісуге және көмекке келуге дайын адамдар жұмыс істейді», – деп алғысын білдірді 5 баланың әкесі.

ӨТБ инженері, зейнеткер Юсупова Фаина Закарьевна Б.Оразбаев ат. 1-ЖЭО станцияда 36 жыл жұмыс істеген энергетика ардагері. 1994 жылдан бері құрметті демалыста. Сонау 1958 жылы станцияның химиялық цехында зертханашы ретінде еңбек жолын бастады. Фаина Закарьевна «АлЭС» АҚ барлық ұжымына қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыс білдіреді:

– Еңбек сіңірген демалыс кезінде маған жыл сайын материалдық көмек көрсетіледі және «Ешкім ұмытылмас» қағидасы осы күнге дейін сақталады. Әрбір зейнеткер өзін ұжымның бөлшегі ретінде сезінеді және бұл бізге қуаныш сыйлап өмір сүруге жігер береді. Барлық зейнеткерлер атынан «АлЭС» АҚ-ның барлық жұмыскерлеріне зор денсаулық және амандық тілеймін.

«АлЭС» АҚ және «Энергия» жергілікті кәсіподақ» ҚБ жұмыскерлердің, балалардың денсаулығына, қызметкерлердің демалуына тұрақты негізде қамқорлық жасайды. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап компанияның 187 жұмыскері мен 58 ардагерге көмек көрсетілді.