АлЭС Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өткізген тәжірибелік жаттығуға қатысты

Алматы облысының «Жетісу» теміржол станциясында 2022 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы ТЖ департаменті қаланың азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп практикалық жаттығу өткізді, оның мақсаты – қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері және құралдарын ірі ауқымды төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін басқа өңірлерге теміржол көлігімен жөнелтуге дайындау болуын қамтамасыз ету.

Осы пысықтау жаттығуларына «АлЭС» АҚ атынан АҚ және ТЖ қызметінің бастығы Александр Довжик қатысты.

– Жаттығу шеңберінде азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары теміржол платформаларына ауыр арнайы және инженерлік техниканы хабарлау, жинақтау және тиеуді ұйымдастыруда тәжірибелік дағдыларға ие болды, – деп атап өтті Александр Довжик. – Нормативтерге сәйкес азаматтық қорғау қызметтері үшін техниканы жіберу 6 сағаттан аспауы тиіс.

Жаттығуға барлығы Алматы қаласы Төтенше жағдай департаменті мен азаматтық қорғау қызметтерінің жеке құрамынан 34 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды.