БЖК – менің өмірім, менің жүрегім…

Бұл БЖК қызметкерлерінің өз кәсіпорындары туралы пікірі

2022 жылдың 25 маусымында Батыс жылу кешенінің ұжымы кәсіпорындарының жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті. БЖК белгіленген жалпы жылу қуаты – 1100Гкал/сағ, бу бөлігі бойынша-20 Гкал/сағ. Жылу магистралі Алматы қаласындағы 1000-нан астам жүз пәтерлі үйлерге жылу береді.

БЖК ұжымын көптеген қонақтар құттықтады. Іс-шараға кәсіпорын ардагерлері мен кәсіби қызмет бойынша әріптестер шақырылды. Салтанатты іс-шарада ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының «Энергетика ардагері» атағы Пайдалану тобының бұрынғы ауысым бастығы Василий Кубаревке берілді. "ҚЭҚ еңбек сіңірген энергетигі" – Пайдалану тобының ауысым бастығы Владимир Пирожковқа. Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының "Құрмет грамотасы" Кадрлар секторының бас маманы Айнұр Темірбаеваға, "Самұрық-Энерго" АҚ Құрмет грамотасы Электротехникалық цехтың шебері Дінмұхамед Клюковқа табысталды. "Самұрық-Энерго" АҚ Алғыс хатымен Өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші инженері Татьяна Тосик марапатталды. Тағы тоғыз қызметкерге "АлЭС" АҚ Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Марапаттаулардан кейін БЖК бұрынғы басқарушы директорлары сөз сөйледі: 13 жыл басшы болып жұмыс істеген Жұмағали Сатылғанұлы Ормамбеков, бес жыл бойы кешенді басқарған Ербол Әбілқасымұлы Сасықов. Олар БЖК-ға одан әрі сенімді және апатсыз жұмыс, ал кәсіпорын ұжымына денсаулық пен амандық тіледі. Кәсіпорынның бұрыңғы бас инженері Владимир Александрович Альбрехт БЖК қалыптасуының бастауында тұрған кезде, БЖК кеңейту бойынша бірлесіп үлкен жұмыс жүргізгендері туралы естеліктерімен бөлісті. Ол энергетиктерге жеңіл еңбек тіледі.

Қазандық цехының бастығы Әлиасқар Мерденов ұйымшыл, ұйымдасқан, сауатты ұжымда жұмыс істегеніне қуанышты.

– Біз әрқашан бір-бірімізге көмектесеміз. Біздің ұжымымыз керемет, – деп атап өтті қазандық цехының электр станцияларының жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі Әділ Аманбеков. – Бүгін біз ардагер-әріптестерімізді қарсы алдық. Олармен қайта қауышқанымызға өте қуаныштымыз.

– БЖК-да нағыз отбасы сезімі бар. Бұл мен деаэраторнаяға 22 жыл бұрын жұмысқа келгенімде болды, және бұл дәстүр кешен ұжымы өте жас болғанына қарамастан бүгінгі күнге дейін жалғасуда, – деп қосты Татьяна Тосик.

БЖК 40 жыл бойы жұмыс істеген, қазандық цехының жер асты жылу құбырлары мен жылу желілері құрылыстарына қызмет көрсету жөніндегі слесарі Федор Кислыхтың пайымдауынша, кәсіпорын үшін ең бастысы – қандай болмасын қиындықтар мен сындарлы жағдайларға қарамастан, ұжым өз жұмысын атқарып, БЖК жүктемесіне төтеп бере алады.

– Бүгін біздің қарапайым еңбегіміз бағаланды, – деп жалғастырды сөз кезегін Зина Сағымбаева, қазандық цехының сорғы қондырғыларының машинисі. – Біздің еңбегімізді бағалайтынына және құрметтейтініне біз өте қуаныштымыз.

Надежда Мищенко, БЖК есепшісі, БЖК-ны өте жақсы көреді. Ол БЖК оның өмірі, жүрегі деп санайды.

БЖК қызметкерлерін алтын мерейтойымен құттықтаймыз. Сіздердің ұжымдарыңызға жемісті және апатсыз жұмыс тілейміз!