2022 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша реттелетін қызметтер бойынша тұтынушылар алдында есеп өткізу туралы хабарландыру

«Алматы электр станциялары» АҚ 2022 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті тұтынушылар мен басқа да мүдделі тұлғалар алдында жария тыңдау түрінде өткізетіндігін хабарлайды:

1. Табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері: «Алматы электр станциялары» АҚ, мекен-жайы: Алматы қ., Достық даңғ., 7;

2. Есепті өткізетін күні және орны: 2022 жылғы 21 шілде күні, сағат 15:00-де, Алматы қ., Достық даңғылы, 7, анықтама үшін байланыс нөмірі: 8 (727) 227 70 54;

3. Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің түрі: жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтер, суды магистральдық құбырлар арқылы беру жөніндегі қызметтер.

«Zoom» бейнеконференцбайланыс арқылы тыңдауларға қатысу үшін сәйкестендіргіш: 713 775 0459, құпия сөзі: 12345

Сонымен қатар, 2022 жылғы 27 маусымда тұтынушылар алдында есеп берудің өткізілетіні туралы хабарландыру «Егемен Қазақстан» № 120 (30349) және «Казахстанская правда» №120 (29747) республикалық газеттерінде жарияланды.