Сүйіспеншілікпен әзірленді

2-ЖЭО-да жұмыскерлер үшін қайта жаңартылған асхана ашылды

«АлЭС» АҚ-да «АлЭС» АҚ Басқармасының Төрағасы Ерлан Киркинбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген өндірістік департаменттер персоналының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша бағдарлама іске асырылуда.

А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО қаланың шетінде орналасқан және жақын жерде дүкендер де, кафелер де жоқ. Қызметкерлер станцияға арнайы автобустармен жеткізіледі. Сондықтан станциядағы асхананың жұмысы жұмысшылар үшін өте маңызды.

– Асхана сағат 7.00-ден сағат 20.00-ге дейін ашық, – дейді асхана меңгерушісі Флюра Есболатова. Бізде әртүрлі мәзір бар. Ол қайталанбайды. Бейсенбі күні бізде балық күні, жұма күні бесбармақ, қазы. Біз нанды, жұқа нанды, бәлішті, тоқаштарды өзіміз пісіріп, тұшпара, мәнтіні өзіміз түйеміз. Асханаға тарату желісі, электр плиталары, электр еттартқышы, тұмшапештер, қуырма ыдыс, мұздатқыштар, бөлшектеу тақтайлары қойылып, ыдыс-аяқ пен жиһаздың барлығы жаңадан сатып алынды.

Қызметкерлер станцияда таңғы ас іше алады. Аспазшылар персоналдың келетін уақытына ботқа дайындайды, соның өзі күн сайын әртүрлі болады: жіңішке шұжық, пісірілген және қуырылған жұмыртқа, тәтті тоқаштар мен қаттама нан.

Күн сайын түскі ас мәзірінде тағамдардың үлкен таңдауы тұрады: күн сайын қызметкерлердің өтініші бойынша:

дүнген кеспесі, манпар және көк сорпа, сонымен қоса төрт түрлі ыстық ас, үш тұрлі салат, пісірмелер, сусындар.

– Асханамыздың іші тазарып, жаңарып қалды. Жиһазы мен жабдықтары жаңа. Ұсынылған тағамдар мен пісірілген тағамдардың түр-түрі бізді қуанту үстінде, – деп атап өтті станцияның ӨТБ технигі Наталья Бородаева. – Мен қазір асханаға жұмыскерлеріміз үшін мәнтіге, салаттар мен жемістерге тапсырыс беруге келдім.

– Енді асхананы тану мүмкін емес. Өте әдемі және жайлы! – деп жөндеу жұмыстарынан алған әсерлерімен бөлісіп жатыр станция кәсіподағы комитетінің төрайымы Гуля Жакаева – Енді мұнда дәмді тамақтанып қана қоймай, демалып, әріптестеріңізбен әңгіме-дүкен құра аласыз. Аспаздар мен наубайшылар – өз ісінің мамандары. Біздің қызметкерлер мен мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері асханаға үлкен рахаттану сезімімен барады. Станцияда тамақтану және демалу үшін қолайлы жағдай жасау өте маңызды нәрсе ғой.

ОКЦ бастығының орынбасары Шалқар Нурмухамбетов станцияда 22 жыл бойы жұмыс істеп келеді және түскі асын үнемі асханадан ішеді:

– Асхана іші жарығырақ болып, әлдеқайда жақсарып қалды. Мен үнемі кешенді түскі ас аламын. Бірінші ас, екінші тағам және салат. Мәзір күн сайын өзгеріп отырады. Бұл қуантарлық жағдай. Маған асханадан түскі ас ішу ұнайды.

Үлкен, жақсы жарықтандырылған асхана 80 орынға арналған, ал түскі уақытта 250 адамға дейін қызмет көрсете алады. Түскі астың орташа құны 1000 теңге.