Өнеркәсіптік қауіпсіздік – оқытудан басталады!

Тиімді және жақсы оқытылған қызметкерлері бар өндірістік компаниялар табысты. "АлЭС" АҚ үшін еңбек қауіпсіздігі басымдық болып табылады. Компаниядағы ЕҚ және ҚТ саласындағы негізгі бағыттардың бірі "АлЭС" АҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мамандарын өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту болып табылады. 2022 жылдың көктемінің соңында 33 қызметкер оқудан өтті.

Сабақты тәжірибелі оқытушы Татьяна Андреевна Солодилова жүргізді. Бұрын ол 3-ЖЭО электр станциясының техникалық пайдалану жөніндегі аға инспекторы болып жұмыс істеді. Татьяна Андреевнаның энергетика саласындағы жалпы жұмыс өтілі 40 жылды құрайды.

– Қауіпті еңбек жағдайлары бар объектілер өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқытуға басты назар аударады, – деп атап өтті Татьяна Солодилова. – Оқыту жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған. Қызметкерлердің алған білімі мен дағдылары өндірісте туындауы мүмкін штаттан тыс жағдайлардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Тәжірибе көрсеткендей, оқудан өткен жұмыскерлер тиімдірек жұмыс істейді және өндірісте өздерінің құндылығы мен құрметін сезінеді.

– Біздің оқуымыз жоғары деңгейде ұйымдастырылды, "АлЭС" АҚ Қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикеноваға алғысымды білдіремін. Сабақтар өте мазмұнды болды, біз көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білдік. Оқытуды өткізу кезінде жүк көтергіш механизмдер бойынша көрнекі құралдар пайдаланылды және үлестірме материалдар ұсынылды, – деп бөлісті Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ЕҚ және ҚТ жөніндегі инспекторы Лайля Оразбаева.

"АлЭС" АҚ қызметкерлерді оқыту жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етіп қана қоймай, заңнама талаптарының орындалуына кепілдік береді, сонымен қатар өндірістік қызмет нәтижелеріне оң әсер етеді.