"АлЭС" АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс үздіксіз жүргізілуде
Бұл ең әуелі әрбір жұмыскер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және олардың жұмыс орындарындағы қауіпсіздікке мүдделі болуы. 2021 жылы осы мақсаттарға қол жеткізу үшін АлЭС-те кешенді қауіпсіздік моделі және "Аѕраnѕ" жүйесі енгізілді.
Кешенді қауіпсіздік моделінің стандарттарын енгізу компаниядағы қауіпсіздік мәдениетін және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл "Қауіпсіздіктің алтын ережелері", "Қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудитін жүргізу", "Оқиғаларды есепке алу және тергеу", "Қызметкерлерді қауіпсіз іс-әрекетке ынталандыру " және т.б.
Қазіргі уақытта "Аѕраnѕ" жүйесінде компания жұмыскерлері "Журналдар", "Ақаулар мен оқиғалар (инциденттер)", "Талаптарға сәйкестік" және "COVID-19" қосымшаларында тиімді жұмыс істейді.
– "Аѕраnѕ" жүйесін енгізу жүйеде тіркелген қоғамның әрбір қызметкеріне нақты уақыт режимінде анықталған бұзушылықтар, оқиғалар мен ақаулар журналдарына оларды тез арада жою үшін енгізуге мүмкіндік берді, – деді 3-ЖЭО электр станциясының техникалық пайдалану жөніндегі аға инспекторы Асхат Бертаев. – Сондай-ақ, "Аѕраnѕ" жүйесі жұмыскерлерді оқыту, біліктілік тексерулерін жүргізу бойынша құжаттар жүргізудің ашықтығы мен бақылауда болуын арттырды.
"Аѕраnѕ" қосымшалары көп функция мен міндетті қамтиды. Мысалы, "Журнал" қосымшасы қауіпсіздік талондарын беру журналын, ҚТ алу журналын, инциденттерді тіркеу журналын (шағын жарақаттарды) және мердігерлік ұйымдармен жазатайым оқиғаларды тіркеу журналын қамтиды. Мұндай құрылым пайдаланушыға жұмысқа қажетті журналдарды тез табуға және оларға ақпарат пен деректерді шапшаң енгізуге мүмкіндік береді.
Бағдарламаны әзірлеуші "е-Capital" ЖШС 2022 жылдың көктемінде жүйені пайдалану дағдыларын арттыру үшін "Аѕраnѕ" қосымшасын пайдаланушыларға қосымша оқыту жүргізді. Оқыту "АлЭС" АҚ барлық өндірістік департаменттерінде белсенді диалог режимінде өтті. "АлЭС" АҚ жұмыскерлері "Аѕраnѕ" бағдарламасын пайдалану тиімділігін арттыру үшін өз ұсыныстарын берді.