Бір отбасы-бір энергия. Каскад ГЭС-індегі еңбек әулетінің тарихы

Кез келген кәсіпорын жұмысының жетістігі көптеген жағдайда онда жұмыс істейтін еңбек әулеттеріне байланысты. Осы бір заңдылықты келесідей түсіндіруге болады: туыстық қатынастармен байланысты қызметкерлер өз тегінің беделі мен абыройын сақтайды – орындалатын міндеттерге адал және мұқият қарайды. Каскад ГЭС өндірістік департаментінде компаниядағы жалпы еңбек өтілі екі ғасырдан астам уақытты құрайтын отбасы бар. Бұл қалай болды? Әулеттің тарихын бізге осы әулет негізін қалаушының шөбересі – «АлЭС» АҚ Каскад ГЭС ӨТБ жетекші инженері Васильева Светлана Владимировна айтып берді.

Михаил Иванович Скоморощенко әулеттің негізін қалаушы болып саналады. 1943 жылы ол әйелі және кәмелетке толмаған үш қызымен (олардың бірі – кәсіби әулеттің болашақ мұрагері) Беларуссиядан Қазақстанға жер аударылды. Олар Алматыда қоныстанып, орнығуды жоспарлады, алайда жұмыссыздық оларды Каскад ГЭС қарқынды дамып келе жатқан қала шетіндегі «Энергетик» жұмысшы кентіне көшуге мәжбүр етті.

Жергілікті тұрғындар оларды жылы қарсы алды, мүмкіндігінше азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектесті. Бастапқы уақыттарда отбасы жертөледе тұрды. Уақыт өте келе Скомарощенколардың тұрмысын реттеле бастады, бақша салып, үй құстарын өсірді. Содан кейін Михаил Иванович станцияға жұмысқа тұрды, аздаған уақыттан соң жер телімін алған кезде кең үй салды. Енді бәрін рет-ретімен баяндайық...

Отбасының азаматы Скомарощенко Каскад ГЭС ұжымының құрамына 1945 жылы кірді. Гидротехникалық құрылыстардың қараушысы болып еңбек етті, жұмыскерлерге үй салуға қатысты. 1946 жылы Михаил Иванович "Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін"медалін алды. 1964 жылы "Еңбек ардагері" медалімен, ал 1966 жылы "Үздік еңбегі үшін"медалімен марапатталды. Жалпы, ол кәсіпорында 24 жыл жұмыс істеді.

Михаил Иванович Скоморощенконың қызы Нина Михайловна да өз өмірін энергетика саласымен байланыстырып, оған адал болды. Ол 2-ГЭС-те хлорлаушы және автокөлік учаскесінде автокөліктерге жанармай құюшы болып жұмыс істеді. Оның күйеуі Борис Иванович Волохов соғыстан оралып, 1-ГЭС инженері болып жұмысқа орналасты, содан кейін ҮАК бас торабының кезекші моторисі болды. Оның станциядағы жұмыс өтілі-32 жыл.

Михаил Ивановичтің немересі Елена Борисовна да Каскад ГЭС-не өмірінің 39 жылын арнады. Алдымен станцияда балабақша тәрбиешісі болып жұмыс істеді, содан кейін бейнебақылау операторы болды. 2012 жылы ол құрметті демалысқа шықты. Каскад ГЭС-інде еңбек еткен жылдар сомасы бойынша көшбасшы атағы Елена Борисовнаның жұбайы Владимир Викторовичке тиесілі. Оның еңбек өтілі – 41 жылды құрайы. Ол кезекші көлік жүргізушісі болып жұмыс істеді. Автотехникаға өз кезегінде оның әкесі Васильев Виктор Андреевич баулыған, ол да 31 жыл бойы Каскад ГЭС-те жүргізуші болған.

Светлана Владимировна – Каскадта ұрпақ сабақтастығын жалғастырушы төртінші буын, әулет негізін қалаған Михаил Иванович Скоморощенконың шөбересі. Каскад ГЭС-іне 1997 жылы жұмысқа орналасты.

"Мектеп бітіргеннен кейін менің алдымда кім болу керек, қандай мамандықты таңдау керек деген сұрақ тұрды. Алматыдағы қалааралық телефон станциясында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген әжем (әулет басшысының екінші қызы) маған ұсынылған сан алуан мамандықтар арасында бағдар табуға көмектесті. Ол маған: "Байланыс әрқашан сұранысқа ие болады деген кеңес берді", – деді кейіпкеріміз.

Светлана көп ойланбастан Алматы байланыс техникумына оқуға түсті. Оқу орнын бітіргеннен кейін "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ жұмысқа орналасты. Бір айдан кейін оны Каскад ГЭС-ке шақырды және ол еш ойланбастан келісті.

"Мен әулетімнің еңбек жолын жалғастыру мақсатын қоймадым, тағдыр таңдауы сондай болды. Менің барлық туыстарым осында жұмыс істеді. Мен осы жерде дүниеге келдім, өстім, барлық тұрғындардың атын білемін, олар да мені Васильевтер мен Волоховтардың қызы, немересі деп таниды", – деді Светлана Владимировна.

Каскад ГЭС-дегі еңбек жолын біздің сұхбаттасушымыз автоматты телефон станциясының (АТС) электр монтері лауазымынан бастады. Бірнеше жылдан кейін ол декреттік демалысқа кетті. 2006 жылы Светлана Владимировна станцияға қайта оралды, бірақ бұрынғы жұмыс орны жойылғандықтан, ол АТС технигі лауазымына оралды.

2007 жылы біздің кейіпкерімізге режим инженері ретінде өз күшін сынап көруді ұсынылды.

"Алғашында мен сасқалақтадым. Бірақ, біздің сол кездегі директорымыз Болат Уалиханұлы Мұқашев менің жаңа мамандықты табысты меңгеретініме сенім білдірді, өйткені байланысшылардың да, энергетиктердің де жұмысы электр схемаларымен, параметрлермен байланысты. Сол жылы мен Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне оқуға түстім", – деді Светлана Владимировна.

Біздің сұхбаттасушымыздың жұмысы – Үлкен Алматы көлін қоса алғанда, жерүсті су көздерінің мүмкіндіктерін ескере отырып, 1-ГЭС-пен (ТМД-дағы ең жоғары қысымды станция) 11-ГЭС-ке дейінгі жұмыстың энергетикалық режимдерін жоспарлау.

"Қызметімнің міндеті бойынша мен департаменттің барлық цехтарымен және бөлімдерімен, мемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен, қайталама су тұтынушылармен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасаймын", – деп түсіндірді сұхбаттасушы.

2016 жылы Светлана Владимировна Каскад ГЭС "Энергия" кәсіподақ комитетін басқарды. Кәсіпорында жұмыс істеген уақыттакейіпкеріміз екі рет, алдымен ӨД, содан кейін "АлЭС" АҚ Құрмет тақтасына енгізілді.

Светлана Владимировнаның балалары – қызы мен ұлы – еңбек әулетінің ісін жалғастырмады. Бірақ күйеуі біздің кейіпкерімізбен барлық "қайғы мен қуанышты" ғана емес, сонымен бірге энергияға деген сүйіспеншілікті де бөліседі. 2016 жылы Алексей Евгеньевич Каскад ГЭС жүргізушісі болып жұмысқа орналасты.

"Менің ойымша, тұрақтылықтың, корпоративтік рухтың және кәсіпорындардың жоғары әлеуметтік жауапкершілігінің ең үздік үлгісі – еңбек әулеттерінің сабақтастығы. Оларды сақтау және жаңаларының пайда болуы да тамаша үрдіс. Каскад ГЭС-те 1945 жылдан бастап отбасымыздың үш ұрпағы – Скомарощенко, Васильевтер және Волоховтар жұмыс істеді. Біздің жалпы жұмыс өтіліміз – 213 жыл. Біз түрлі кәсіп иесі болдық, бірақ әрқайсымыз өз жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қарадық, энергетика саласының батыл түрде дамуына өз үлесін қоса алды", – деп сөзін қорытындылады кейіпкеріміз.

Евгения Семашкина