«АлЭС» АҚ қызметкерлерінің 98,9% республикалық референдумға қатысты

Энергетиктердің азаматтық белсенділігі әрқашан жоғары деңгейде.

– Біздің қызметкерлер референдумда дауыс беруді таңертең ерте, учаскелердің ашылған сәттерінен бастады, ерте тұру өндіріс адамдарының кәсіби әдеті. 3109 жұмыскердің 3075 және олардың отбасы мүшелерінің 772 дауыс берді, – деді «АлЭС» АҚ Адам ресурстары басқармасының бастығы Дария Шайжанова.

Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып Батыс жылу кешенінің директоры Исахан Сырғабаев әйелімен келді:

– Менің ойымша, республикалық референдум – халықтың өз ойын еркін білдірудің ең демократиялық тәсілі. Біздің түгелдей отбасымызбен, 12 адам, оның ішінде балаларым және екі немерем өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді, біз бірауыздан ИЯ деп дауыс бердік. Сайлау учаскесіне таңғы сағат 7.05-те, яғни алғашқы ерлі-зайыптылар болып келген біздің жұбымызға сервиз сыйлады. Бұл тосын, дегенмен жағымды жағдай болды.

«Энергожөндеу» ӨЖК жөндеу қызметінің жетекші инженер-бағдарламашысы, «Жарқын Болашақ» жастар ұйымының төрайымы Фариза Ботақараева референдумға қатысуды өзінің азаматтық борышы деп санайды:

– Мемлекетіміздің болашағы, ертеңі біздерді – жастарды толғандырады. Туған еліміз, Отанымыз ата-бабаларымыздың аманаты. Сондықтан біз Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін дауыс беруге келдік. Конституцияға енгізілетін түзетулерді дауыс берушілердің көпшілігі, әсіресе жастар мақұлдайды деп сенемін.