Мен үшін бейнелеу – шабыт …

3-ЖЭО химиялық су тазарту аппаратшысы Абылай Баудұнбаев, өзінің хоббиі туралы айтып берді

Абылай 3-ЖЭО химиялық талдау зертханашысы болып жұмысқа 2017 жылдың тамыз айында Қ.И.Сатпаев атындағы ҚҰТУ-ды "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша аяқтаған соң орналасты. 2018 жылы химиялық цехтың 4 дәрежелі химиялық су тазалау аппаратшысы болып ауысты.

Абылай сурет салуды бала кезінен сурет сабағына алғаш келген кезде үйренді. Алғашында қарапайым фигуралар мен пішіндер салды. Алайда уақыт өте келе, көбірек сурет салып, күрделірек техниканы қолдана отырып, сурет салу сүйікті хоббиі екенін түсінді.

– Мен мақсатты түрде сурет салуды еш жерде арнайы оқыған жоқпын, – деп бөлісті Абылай. – Менің әкем суретті өте жақсы салады. Мүмкін, папамнан берілген болуы керек. Әр түрлі суретшілердің жұмыстарын зерттей отырып, әрқашан шабыттанып, олардың техникаларын өз суреттерімде қолдандым, өз бетіммен игердім. Мен әрқашан зор қызығушылықпен іздендім: түрлі кітаптар алдым, жарнамалық эскиздерді мұқият зерделедім, ата-анамның заманындағы фотоларды қарап, бәрін біртіндеп қағазға түсірдім.

Абылай өнерге аса құштар, мұражайларға, көрмелер мен галереяларға жиі барып тұрады. Оны барлығы дерлік шабыттандырады: музыка, кітаптар, фильмдер, саяхаттар, тарихы бар адамдар мен олардың мінез-құлықтары.

– Мен күрделі сурет салған сайын, процесстен көбірек ләззат аламын. Барлық құралдарды пайдаланымын. Қарындашпен және акрилмен, мата бояуларымен және маймен. Әр түрлі техниканы пайдаланамын. Тәжірибе жинақтаған сайын қолтаңба да өзгереді, техника жетіледі. Енді мен кенепке пейзаждар саламын, қарындашпен қағазға портреттер саламын, киім мен үй қабырғаларына сурет салып, бояймын.

Абылайдың нақты бір суретшінің шығармашылығына, қаламына немесе техникасына деген ұстанымы жоқ. Өйткені, әр суретшінің сәтті де, сәтсіз де жұмыстары бар. Біздің кейіпкеріміз нақты жұмыстарға назар аударғанды жөн көреді. Оның үстіне, сюжет, түс, техника тартымды болуы мүмкін.

Мысалы, маған Пабло Пикассо, Сальвадор Дали және Фрида Кало сияқты шетелдік суретшілердің, сондай-ақ біздің отандық қайраткерлеріміз Әбілхан Қастеев пен Салихитдин Айтбаевтың жұмыстары ұнайды. Бірнеше ай бұрын мен Стамбулдағы Долмабахче галереясында болдым. Түрік суретшілерінің жұмыстары өте таң қалдырды және әсер етті.

Абылай үшін сурет салу – бірінші кезекте шабыт. Оны сезімге жақын дүниелер, яғни табиғат сұлулығы, қоршаған орта, адамдар шабыттандырады.

Кескіндеу – бұл шығармашыл және физикалық жұмыс, оны теңдеулерді шешумен салыстырады. Абылай зияткерлік қасиеттерді дамытып, өзіңді тәртіпке келтіресің деп есептейді.