Сіздерге бас иіп, тағзым етеміз, ардагерлер…

Мерекелік мамыр күндері "АлЭС" АҚ жұмыскерлері тыл ардагерлерін, интернационалист-жауынгерлерді және Чернобыль ардагерлерін құттықтады. Ардагерлерге бару жақсы дәстүрге айналды.

– Маған Ардагерлерімізді 9 мамыр – Ұлы жеңіс күнімен құттықтауға қатысу бақыты бұйырды. Өкінішке орай, жыл сайын бізге жеңіс сыйлаған ардагерлердің саны азайып келеді. Біздің ата-әжелеріміздің көпшілігі үшін бұл – өмірдегі ең сынды тәжірибе алған мерекеде жалғыз болу жараспайды. Ардагерлерімізді көріп, оларға құрмет көрсетіп, көңіл бөлгеніміз қуантады. Жеңіс күні біздің ұрпақ үшін ең маңызды күндердің бірі, – деп бөлісті "АлЭС" АҚ "Жарқын Болашақ" жастар ұйымының белсендісі, "Энергожөндеу" ӨЖК жоғары вольтты жабдықтарды жөндеу цехының бастығы Данияр Батыров.

Аға ұрпақ үлгісі бізге халықтар арасындағы достық идеалдарын қорғауға көмектеседі, Қазақстанның болашағына деген сенімді нығайтады, – деп есептейді "Энергожөндеу" ӨЖК ҚЖУ-1 аға шебері Нұржан Абдуллаев.

– Бұрын біз ардагерлерді кәсіпорнымызға шақырып, мерекелік дастархан жайып, құрмет-қошемет көрсететін едік. Қазір ардагерлерімізді шақыра алмаймыз, олардың қозғалуы ауырлаған. Ең үлкені 92 жаста. Өкінішке орай, биыл тағы екі ардагеріміз дүниеден озды. Владимир Григорьевич Мамонов қайтыс болды, ол жыл сайын бізге "Рахат" кондитерлік фабрикасынан біздің отандық сүйікті "Қазақстан" шоколадын сыйға тартатын және Иван Михайлович Ласьков қайтыс болды, – деп сөз кезегін жалғастырды Фариза Ботакараева, "Энергожөндеу" ӨЖК жетекші инженер-бағдарламашысы, "АлЭС" АҚ "Жарқын Болашақ" жастар ұйымының төрайымы.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне деген алғыс жүрегімізде мәңгі сақталады! Қымбатты ардагерлерге ұзақ өмір және мықты денсаулық тілейміз!