«АлЭС» АҚ: референдум қарсаңында

"АлЭС" АҚ департаменттерінде Қазақстан бойынша 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдум талқыланды.

"AMANAT" партиясы "АлЭС" АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы, Алматы облысы мәслихатының депутаты, Күрделі құрылыс және трансформация жөніндегі басқарушы директор Бағдәулет Үстенов еңбек ұжымымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– Жүргізіліп жатқан реформалардың прогресшілдігін адамдар түсінуі және бүкіл халықтық дауыс беруге белсенді қатысуы маңызды, – деп атап өтті Алматы облысы мәслихатының депутаты Б.Үстенов.

АлЭС-ке жұмыс сапарымен "AMANAT" партиясының Республикалық партия штабының депутаттары Б.Торғаев, өңірлік партия штабының мүшелері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары Е.Қасымов, А.Көбеева, Әуезов ауданы Саяси кеңесінің мүшесі Ж. Құралбаева және партияның Әуезов аудандық филиалының атқарушы хатшысы Н. Ордабаева келді.

– Негізгі Заңның шамамен 33 бабы өзгертіледі, оның ішінде Президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен мәслихаттардың рөлі айтарлықтай күшейеді, азаматтардың қатысуы айтарлықтай кеңейеді және құқық қорғау саласы нығайтылады. Біздің мақсатымыз осының барлығын халыққа түсіндіру, шын мәнінде қандай түзетулердің болатынын түсіндіргенде, халық олардықолдайды. Себебі қоғамды демократияландыру және адам құқықтарын қорғауды күшейту жүріп жатыр, – деді Бекқали Торғаев.

АлЭС қызметкерлері талқылауға белсенді қатысты. Каскад ГЭС электромеханикалық цех бастығының орынбасары Азамат Сағадиев өзгерістерге жан-жақты түсініктеме берді. Ол ҚР Конституциясына енгізілетін түзетулерге түсіндірме ақпарат берілгеніне алғысын білдірді.

Барлы қатысушылар көзбе-көз қарым-қатынасқа риза болды. Осындай ашық кездесулерде әркім өз пікірін білдіре алады және өз ойының естілетініне сенімді бола алады. Референдум – бұл мемлекет үшін маңызды шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуының ең демократиялық тәсілі.