АлЭС: табысты әлеуметтік серіктестік

Колледждердің 58 студенті Алматыдағы Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да болды

"АлЭС" АҚ энергетикалық мамандықтар бойынша білім беретін Алматы колледждерімен тұрақты негізде ынтымақтастық қарым-қатынасын жалғастырып отырады. Әлеуметтік әріптестік шеңберінде Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі мен Гумарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және электрондық технологиялар университеті жанындағы колледж студенттеріне экскурсия өткізді.

2022 жылдың мамыр айында техник-жылу технигі мамандығы бойынша 1,2,3 курс колледж студенттері үшін 4 экскурсия өткізілді.

– Станцияға барып, турбиналарды, қазандықтарды өз көзіммен көріп, оның жұмысымен танысқым келетін, – деп бөлісті өз ойымен Г.Даукеев атындағы Алматы энергетика және электрондық технологиялар университеті жанындағы колледжінің 4 курс студенті Матвей Мороз. – Мен көргеніме таңдандым. Қазандық және турбиналық цехтар қатты әсер қалдырды. Осы жолғы экскурсия жаңа білім алуыма шабыттандыра түсті деп айта аламын.

Матвейдің курстасы Әлихан Сұлтанахмет колледжде грантта оқиды.

– Біз ковидке байланысты онлайн білім алып оқыдық. Сондықтан станцияның энергетикалық жабдықтарын барып көру маған ерекше талпыныс сезімдерін сыйлады, –деді Әлихан. – Маған барлығы өте қызықты болды. Бәрінен бұрын мені қазандық, оның мөлшері, өндіріс ауқымы таңырқатты. Мен оның өте үлкен екенін көз алдыма елестетінмін, алайда оның нақты өлшемдері мен ауқымы менің ойымнан асып түсті.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Андрей Кадыров өндірістің сызбалар мен теорияда бір бөлек, ал өз көзімен көрудің мүлдем басқа болатынын атап өтті. Студенттер үшін станцияға барудың, оның қалай жұмыс істейтінін көрудің өзі ерекше мүмкіндік. Колледж басшылығы АлЭС-ке өскелең ұрпақтың теория мен практиканы біріктіре отырып, сапалы білім алуға ынталандыратынына үлкен алғысын білдіреді.

– Колледждердің өз студенттерін өндіріспен іс жүзінде таныстыруға үлкен көңіл бөле бастағаны қуантады. Бейіндік колледж студенттеріне экскурсия және өндірістік тәжірибелер өткізуге қатысты осындай өзара әрекеттестік жұмыс берушінің сұранысы мен бітіруші студенттердің дайындығы арасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді, –деп жалғастырды сөз кезегін "АлЭС" АҚ қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова. – Біздің кәсіпорынның жылу энергиясын өндіру саласындағы жалғыз ірі кәсіпорын екендігін ескеретін болсақ, ынтымақтастықтың осы бөлігінде бізге үлкен жауапкершілік жүктелген.

"АлЭС" АҚ студенттердің өндірістік практикасы, олардың тағылымдамасы, дөңгелек үстелдер өткізу және т.б. сияқты бірнеше бағыт бойынша жас мамандар дайындығының сапасын жақсартуға белсенді қатысады.

Жұмыс берушімен әлеуметтік әріптестік – колледждердің табысты дамуының және түлектерін жұмысқа орналастырудың кепілі.