Еңбек қауіпсіздігі әрқашан басымдықта

Өндірісте бірде-бір жазатайым оқиғаның орын алмауы – "АлЭС" АҚ-ның 2021 жылғы жұмысының басты маңызды қорытындысы болды.

"АлЭС" АҚ еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметтерінің жұмыскерлері үшін еңбекті қорғау күні өткен кезеңдегі жұмыс қорытындыларын шығару, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету бойынша табыстар мен жетістіктер кезеңі болып табылады. Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында "АлЭС" АҚ-да конкурстар өтті:

– "Өндірістік қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жүйесін түсіну және "АлЭС" АҚ өндірістік департаменттерінің жұмыс орындарында тәуекелдерге бағалауды жүргізу мүмкіндігі бойынша үздік қызметкер";

– "АлЭС" АҚ өндірістік департаменттері арасында үздік ұйымдастырылған еңбекті қорғау жұмысы".

– Еңбекті қорғау күні еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы кәсібилігі үшін "АлЭС" АҚ-ның 8 қызметкері "Самұрық-Энерго" АҚ-ның грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды", – деп атап өтті Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев. – Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметтерінің 9 қызметкеріне еңбек қауіпсіздігін арттыруға, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін "АлЭС" АҚ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды.

– Марапат алу кез келген адамның өміріндегі тамаша сәт. Мен және менің әріптестерім үшін бұл үлкен құрмет. Бұл тек жалғыз адамның ғана емес, бүкіл ұжымымыздың еңбегін бағалау деп санаймын, – деп бөлісті қуанышымен А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің қауіпсіздік техникасы жөніндегі аға инспекторы Ләззат Жампозова.

Биылғы жылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмысының нәтижелері бойынша 3-ЖЭО өндірістік департаменті конкурс жеңімпазы болып танылды. Байқау жеңімпазына кубок, құрмет грамотасы және ақшалай сыйлық табыс етілді. Екінші және үшінші орындарға А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО және "Энергожөндеу"ӨЖК ие болды.

Мерекелер жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі күнделікті жұмыстың күшін жоймайды.

– Сәуір айында АлЭС-те кезекті қауіпсіздік техникасы күні өткізілді. Бекітілген кесте бойынша 3-ЖЭО, БЖК және Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-те комиссия жұмысы ұйымдастырылды. ҚТ күнін өткізу барысында 39 ескерту анықталды, – деді Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Азамат Чакаров. – Мердігерлік ұйымдардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауына ерекше назар аударылды, онда 4 бұзушылық анықталды.

Өз жұмысыңда көшбасшы болу – бұл еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаттарына адалдықты көрсетуді білдіреді.