Үміт донорлары

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО және "Энергожөндеу" ӨЖК-нің 64 қызметкері қан тапсырды.

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО және Республикалық қан орталығының қызметкерлері әлеуметтік серіктестік, мейірімділік және ынтымақтастық қағидаттары негізінде жұмыс істейді. Жыл сайын станция ұжымы 2-3 рет қан тапсырады. 2022 жылдың 5 мамырында орталық өз жұмысын станцияның медициналық кабинетінде бастады. Соңғы рет станция жұмысшылары 2021 жылдың қараша айында қан тапсырған болатын.

– Біз Республикалық қан орталығымен тығыз жұмыс істейміз. Қан тапсырудан бір апта бұрын біз плакаттар ілеміз. 2 күн бұрын қан тапсыру алдында дұрыс тамақтану туралы ескертеміз, цех басшылығына станцияда донор күнін өткізу туралы ескертеміз, – деді станцияның Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инспекторы Ләйлә Оразбаева.

Баптау және табиғатты қорғау цехының инженер-технологы Айзада Тлеухан қан орталығы мен донорлық туралы станцияға жұмысқа келгенде білді. Ол төртінші рет қан тапсырды. Айзаданың айтуынша, егер бұл қарапайым іс-әрекет адамның өмірін сақтап қалуға үміт беретін болса, онда денсаулық мүмкіндік беретін болса, қан тапсыру керек.

Қан тапсырған жұмысшылардың жартысына жуығы тұрақты донорларға айналды. Олардың көпшілігі станцияда қан тапсыра бастады.