АлЭС: көктем мерекесі

2022 жылғы 7 мамырда «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагерінде АлЭС жұмыскерлері Наурыз мерекесін атап өтті. Мерекеге дәстүр бойынша энергетика ардагерлері шақырылды. Мерекені ҚЭҚ энергетика ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрпейісов Советхан Сейітқалиұлы ашты. Ол АлЭС жұмыскерлерін Наурыз мерекесімен, көктемнің және жаңарудың жарқын мерекесімен құттықтап, ұжымға амандық, табыс, қауіпсіз жұмыс және өндірістік жетістіктер тіледі!

Әр департамент әдемі дастархан жайып, мерекелік концерт дайындады. Наурыздың басты тағамы наурыз көже ұсынылды, сондай-ақ үстелге палау, бауырсақ, талқан, құрт, ірімшік қойылды.

Мереке қонақтарына тамаша концерттік бағдарлама дайындалған. Бағдарламада Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС, БЖК, ОҚТО және Бас кеңсе жұмыскерлерінің музыкалық нөмірлері мен билері және флешмоб ұйымдастырылды.

– «Біз Наурыз мейрамына алдын ала дайындалдық. Өткізетін алаңды таңдадық, барлық өнер көрсеткен, ат салысқан жандарға сыйлықтар сатып алдық. Лагерді мерекелік безендіріліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырдық. Біз үшін ең бастысы мерекелік жылы атмосфера сыйлау, ұжым жұмыскерлеріне көктемгі қуат пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп жақсы демалсын деген ниет», – деп бөлісті «АлЭС» кәсіподағы төрағасы Серік Тымбасбаев.

Қонақтар мен олардың балалары жарқын ұлттық костюмдерде болды. Үздік ұлттық костюм үшін барлық балалар ойыншықтармен марапатталды. Қызметкерлердің балалары үшін арнайы қуыршақ театрының көшпелі қойылымы ұйымдастырылды.

Қонақтарымыз ұлттық ойындарға белсенді қатысты, көктем, Наурыз мерекесі туралы әндер айтты, қазақ билерін биледі.

 

Мереке өте көңілді және қызықты өтті, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.