Есте сақтаймыз, алғыс айтамыз…

Жеңіс күні қарсаңында Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО және "Энергожөндеу" ӨЖК тыл ардагерлерін, интернационалист-жауынгерлерді және Чернобыль ардагерлерін құттықтады

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО және "Энергожөндеу" ӨЖК өндірістік департаменттерінде Ұлы жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізеді.

1-ЖЭО-да ескерткішке гүл шоқтарын қою және салтанатты жиналыс өтті.

– Ұлы Отан соғысында қаза болғандар сарбаздарды еске алып, ерліктеріне бас иеміз. Ұлы жеңіс күнінде фашизмді жеңу үшін жанын құрбан еткен сарбаздар мен офицерлердің жанкешті батылдығын еске алып, оларға шексіз алғыс айтамыз, – деді 1-ЖЭО директоры Әлібек Тастанбеков. – Станцияда жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне ерекше алғыс, олар: Прасковья Константиновна Аксенова, Евлампия Фоминична Говорухина, Алексей Федорович Коробкин.

Станция қызметкерлері тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, Ұлы жеңіс күнімен шын жүректен құттықтады.

Жиналыста Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан интернационалист-жауынгерлер мен тұлғаларға алғыс айтылды. 1-ЖЭО-да қазіргі уақытта олардың қатарынан қазандарды басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі Мәлік Сайдығұлов және автокөлік учаскесінің 4 санаттағы тракторшысы Юрий Милюхин жұмыс істейді.

– Мен 1994-1995 жылдары тәжік-ауған шекарасында ефрейтор – атқыш болдым. Мен ол уақытты ескеалмауға тырысамын. Ұжымға құттықтаулар мен көңіл бөлгендері үшін ризамын. Ең бастысы-бейбіт аспан! – деді Мәлік Сайдығұлов.

Юрий Милюхин алты ай бойы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысып, ағзасына сәуле алды. Ол станция ұжымына алғыс сөздері мен ықыласы үшін ризашылығын білдіреді.

"Энергожөндеу" ӨЖК ӨД өз ардагерлерін құттықтады.

– Ардагерлерді өз көзіңізбен көрмесеңіз, олармен кездеспесеңіз, мына қарбалас тіршілікте олар туралы, олардың ерліктері туралы, біз және болашақ ұрпақтар үшін не істегендері туралы ұмытып та кетеміз. Бүгін оларды, кеудесіндегі медальдарды көргенде, мен олардың бізге аманат еткен мұрасына толқыдым, жауапкершілікті сезіндім. Оларға үлкен рахмет! –деді "Энергожөндеу" ӨЖК жөндеу қызметінің бастығы Айдар Иманқұлов.

"АлЭС" АҚ-да барлығы 22 тыл еңбеккері мен 23 интернационалист-жауынгер мен Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарды құттықтады. Барлығына азық-түлік және Жеңіс күніне бір реттік көтермелеу табысталды.