Қанмен жазылған қағида

Бұл Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған конкурста 1 орын алған АлЭС қызметкерлерінің бейнеролигі туралы

«АлЭС» АҚ қызметкерлері дайындаған бейнеролик еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік бейнеролик конкурсында бірінші орынға ие болды. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған конкурс «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының қызметкерлері арасында өткізілді. Бейнероликті Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС қызметкерлері Ақпейіл Мырзағалиқызы мен Елена Наумова түсірген.

– Біз түсірілімге аса жауапкершілікпен дайындалдық, сюжеттің әр сәтіне талдау жасап отырдық. Әріптестермен бейнероликте өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтаудың маңыздылығын қалай дұрыс көрсету керектігі талқыланды. Қауіпті факторлармен цехта тікелей жұмыс істейтін әріптестерімізбен кеңесіп отырдық, – деді станцияның Логистика бөлімінің бастығы Ақпейіл Мырзағалықызы.

Роликтің авторлары Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметінің қызметкерлері болмағандықтан, олар станциясының Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Ботакөз Салмакееваның көмегіне жүгінді.

– Біздің әріптесіміз қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың апатты салдарларының көптеген мысалдарын келтірді. Біз қауіпсіздік техникасы қағидалары қанмен жазылғанын және оларды орындау қауіпсіз еңбектің маңызды шарты болып табылатынын түсіндік. Жұмыс орнындағы адамның денсаулығы мен өмірі оның және әріптестерінің ережелерді қарапайым сақтауына байланысты. Адамды ойландырып, ерекше назар аударатын және көрерменнің жадында қалатын бейнеролик түсіру идеясы пайда болды», – деп жалғастырды станцияның бухгалтері Елена Наумова.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Кәрім Сартаев «АлЭС» АҚ бейнеролигі жоғары бағаланып, бірінші орынға ие болғанына қуанышты. Авторларға құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Аталмыш конкурсты ұйымдастырған «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау» департаментіне алғысымызды білдіреміз.

«АлЭС» АҚ қызметкерлері жиі осындай конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Осының барлығы компания қызметкерлерінің еңбекті қорғауды басқару және қауіпсіздік мәдениетін арттыру жүйесіне тартылуының жоғары деңгейін көрсетеді.

Бейнероликпен келесі сайтта танысуға болады:
http://www.ales.kz/ru/component/nvideogallery/?view=nvideogallery