АлЭС: лайықты жеңіс

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі бейнероликтер байқауының жеңімпаз қызметкерлерін марапаттау өтті

«АлЭС» АҚ «Қауіпсіздік мәдениеті – өмір салты!». Конкурсты «Самұрық-Энерго» АҚ Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаменті еншілес ұйымдардың қызметкерлері арасында ұйымдастырды.

Байқауға «АлЭС» АҚ-дан 7 бейнеролик жолданды. Оларды Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО және ОҚТО жұмыскерлері еңбек қорғау тақырыбында түрлі сюжеттер бойынша арнайы түсірген.

Конкурстың қорытындысы бойынша шығармашылық тәсіл мен бірегей операторлық қойылым үшін «АлЭС» АҚ ұжымына «АлЭС» АҚ ОҚТО-да дайындалған бейнеролик үшін Құрмет грамотасы табыс етілді. Бейнеролик авторлары С.Шаймерденов пен Ш. Рахатов «АлЭС» АҚ Құрмет грамоталарымен марапатталып, ақшалай сыйлық табыс етілді.

– Біз ролик жасауға жауапкершілікпен қарадық, сюжетті ұзақ ойластырдық, әрбір кадрды талқыладық. Байқау қорытындысы бойынша Сәкен Шаймерденовпен бірге жасалған бейнероликтің «АлЭС» АҚ үшін Құрмет грамотасына ие болғанына өте қуаныштымын», – деп бөлісті Шыңғыс Рахатов. – Мен әріптестерімді қауіпсіз еңбек етуге ынталандырамын деп үміттенемін. Есімізден шығармайық, бізді үйде жақындарымыз аман-есен күтуде.

Жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жетістіктер мен табыстар тілейміз.

Бейнероликпен келесі сайттан танысуға болады:
http://www.ales.kz/ru/component/nvideogallery/?view=nvideogallery