Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысы басты назарда

Нұр-Cұлтан қаласында 2022 жылғы 20 сәуірде ҚР Кәсіподақтар федерациясының оқыту, қақтығыстарды шешуді зерттеу орталығы «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Іс-шараға «АлЭС» АҚ атынан «АлЭС» АҚ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесінің мүшесі Айсұлу Иржанова қатысты.

Семинарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын жандандыру, қоғамдық бақылаудың маңыздылығы, еңбек ұжымдарының өміріндегі техникалық инспекторлардың рөлі мәселелері талқыланды.

Семинарға қатысушы ретінде мен өндірістік кеңестер мен техникалық инспекторлардың қызметі, олардың жұмысын ұйымдастыру туралы көптеген жаңа ақпарат алдым. Біз қоғамдық бақылауды ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырудағы басқа ұжымдардың тәжірибесімен таныстық», – деді Айсұлу Иржанова.

«АлЭС» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес өз қызметін 2017 жылдан бастап жүзеге асырады. Компанияда 21 техникалық инспектор жұмыс істейді. Бұл кәсіподақ белсенділері мен білікті қызметкерлер. Бүгінде қоғамдық бақылауды және өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің бірлескен іс-қимылдарын жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ өндірістік кеңес техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау жағдайларына тексерулер жүргізуін ұйымдастырады.